2014 жылы 27-28 наурыз аралығында 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Жолдау қуаты – ғылым мен білімде» тақырыбында өтетін
VI Республикалық білімгерлердің пәндік олимпиадасына шақырамыз.
Қазақстан Республикасы, Түркістан қ.
Құрметті әріптестер!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша VI Республикалық білімгерлердің пәндік олимпиадасын мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары білімгерлері үшін өткізеді.
Олимпиада бағдарламасы:
1.Шығармашылық тур
1.1. «Сәлем сөздің атасы».Командалардың сәлемдесуі, өзін-өзі еркін түрде таныстыруы (5 минут).
2. Теориялық тур
2.2.«Білімді мыңды жығады» Команда мүшелері ҚР МЖМБС 6.08.013-2009 міндетті компоненттері бойынша тест тапсырады. Тест - матрица түрінде қабылданады (50 мин).
Пәндері: - педагогика
- жалпы психология
- әлеуметтік педагогика
- әлеуметтік психология
Әр команда мүшесіне 50 сұрақтан қойылады (әр дұрыс жауапқа 2 балл). Жоғары баға – 100 балл.
3. Практикалық тур
3.1. «Сіздерге маман жауап береді». Команда мүшелерінің бірі маман ретінде қойылған мәселе бойынша кеңес береді.Ойлануға және жауап беруге 3 мин. беріледі.
3.2. «Педагогикалық-психологиялық жағдаяттар» сайысы.Команда мүшелері берілген тапсырманы сахналандырылған көрініс ретінде көрсете отырып, педагогикалық-психологиялық талдау жасайды. (7 мин).
Барлық конкурстар 10баллдық жүйемен бағаланады
Олимпиадаға ЖОО-ның 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі бөлім білімгерлері қатыса алады. Жоғары оқу орны команда құрамына 4 білімгерді және команда жетекшісін ұсынады.
Олимпиада бағдарламасы мен талаптары iktu.kzсайтына орналастырылады және ЖОО-ның электрондық адрестеріне жіберіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін тапсырысты электронды почтамен немесе мына мекен-жайға жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, 161200 Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 7-ғимарат, Тарих-педагогика факультеті, Жалпы психология кафедрасы.
Байланыс телефондары:
72533 3-21-67 (134) (118) - «Жалпы психология» кафедрасы
Электронды почта: - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
8701 434 6926 - «Жалпы психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д.,
профессор Ж.З.Торыбаева
Электронды почта: - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
8778 236 51 79 - «Жалпы психология» кафедрасының аға оқытушысы
8705 356 11 79 Н.Қ.Байкенже
Тапсырыс 2014жылдың 10-наурызына дейін қабылданады.
Тапсырыстың рәсімделуі
5В010300– «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
VIРеспубликалық білімгерлердің пәндік олимпиадасы
Қаласы ________________________________________________________________________
ЖОО-ның толық атауы____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Команда мүшелерінің аты-жөні (толығымен), курсы:
1. _____________________________________________________________________________
2.______________________________________________________________________________
3.______________________________________________________________________________
4.______________________________________________________________________________
Команда жетекшісінің аты-жөні (толығымен), қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы:
_______________________________________________________________________________
Почталық байланыс адресі (почта индексінің көрсетілуімен) ___________________________
_______________________________________________________________________________
Байланыс телефондары (қала кодының көрсетілуімен): ________________________________
Кафедрасы:_____________________________________________________________________
Команда жетекшісінің мобильдік телефоны:_________________________________________
Электрондық адресі:_____________________________________________________________
Қонақ үйдің қажеттілігі ______________________________________________
Қосымша тілектер _________________________________________________
VIРеспубликалық білімгерлердің пәндік олимпиадасының жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
VIРеспубликалық білімгерлердің пәндік олимпиадасына белсенді қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастыру комитеті