Халық қаhарманымен кездесу

12-ші ақпан күні Қазақстан Республикасының Халық қаhарманы, Парламент мәжілісінің депутаты Б.Ертаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорларымен, студенттерімен кездесті.

Халық қалаулысы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын насихаттап, әрі Кеңестер одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орай ұлағатты, өнегелі әңгімелер айтты.

Университет президенті, профессор У.Әбдібеков алғы сөзінде халық қаhарманының оқу ордамызға келуі маңызды оқиға, жастарға үлкен тәрбие екенін жеткізді. Осы орайда, Б.Ертаев университетті көріп, жетістіктерді естіп қуанғанын жеткізді, университет президенті, профессор У.Әбдібековке «Тағдыр» атты кітабын, ғылыми кітапханаға «Батыр» атты кітабын естелікке берді. Сонымен қатар, қала әкімі Б.Әшірбековке, республикалық «Темірқазық» журналының бас редакторы Анар Сүлееваға, облыстың бас сәулетшісі, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Б.Әшірбековке Қазақстанның мемлекеттік марапаты «Шапағат» медалін қазақ еліне мәңгілік қызмет етіңдер деп табыстады.

            Университет профессорлары мен жастары Халық қаһарманы Б.Ертаевқа деген ыстық ықыласқа толы лебіздерін, Жолдауға қатысты қолдау пікірлерін жеткізді.

 

 

PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4