Мәнерлеп оқу сайысы

13-ақпан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық, тіл үйрету орталығы, «Түрік тілі» кафедрасы және «Түрік тілі мен әдебиеті» бөлімінің ұйымдастыруымен Түрік өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Университет 1-вице-президенті, профессор Мұса Йылдыз шараны ашық деп жариялап, студенттерге сәттілік тіледі.

Сайыстың негізгі мақсаты түрік халқының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, ақындар мұрасына қызығушылығына арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру. Бұл сайысқа жиырма студент қатысып, 1-орынды Филология факультетінің 3-курс студенті Замира Абишева, 2-орынды 4-курс студенті Ұлболсын Назарова, 3-орынды Дайындық бөлімінің студенті Ұлдана Аширбекова алды.

Әр түрлі мамандықтан қатысқан студенттер өлең оқуда өз шеберліктерін танытты. «Мен саған көрмей-ақ ғашық болдым» атты өлеңімен бірінші орынды иеленген Замира Абишова Алматы қаласында 27-ақпанда республикалық деңгейде өтетін Юнус Әміре Түрік мәдениет орталығының қолдауымен өтетін мәнерлеп өлең оқу жарысына жолдама алды.

 

                                                                                                                      PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4