Кәсіподақ кеңесінің мәжілісі өтті

            15-ақпан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кәсіподақ кеңесінің төрағасы А.Кенжалиев Кәсіподақтың 2013 жылы атқарған іс-шаралары жайында есеп берді. 162 делегат қатысқан мәжілісте кәсіподақ комитетінің жаңа  құрамы бекітілді және А.Кенжалиев төрағалыққа қайта сайланды.

            Есеп беру барысында кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік-материалдық көмек көрсеткен, шипажайларға жеңілдікпен жолдамалар алып берілген, университет шеңберінде өткізілген мәдени-көпшілік, спорттық сауықтыру және әлеуметтік шараларды қаржыландырылған және т.б. түрлі бағыттарда орындалған іс-шаралар тыңдалды.

            Бүгінгі таңда Кәсіподақ кеңесіне жалпы саны 2164 адам мүше, оның ішінде 1725 университеттен, 217 клиникадан, 132 «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінен, 90 Кентау институтынан. Кәсіподақ кеңесінің жұмысын факультеттер мен құрылымдық бөлімшелерден сайланған 15 адамнан құрылған мүшелер жүзеге асырады.

                                                                                                         

PR медиа рталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Желтоқсан 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4