ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ФАКУЛЬТЕТТАРИХЫ

Гуманитарлық ғылымдар факультеті 1991 жылытарих-филология атауымен өз жұмысын бастаған.

1991-1998 ж.ж –т.ғ.д., профессор Сейтқали Мадуанов

1998-2000 ж.ж – ф.ғ.д., доцент Хусейн Север

2000-2002 ж.ж – т.ғ.д., профессор Ахмет Ташағылы

2002-2004 ж.ж –доктор, профессор Шафаеттин Севержан

2005-2014 ж.ж – т.ғ.к, профессор Көпжасар Жетібаев басқарды.

Қазіргі таңда факультет деканы – Төлегенов Еділ Мейірбекұлы.

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

Факультетте күндізгі оқу түрі бойынша – 323 студент, сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша – 141 студент, 34 магистрант, 16 докторант білім алуда. Оның ішінде ҚР гранты -120, ҚР грант(ТТЕ)-16, квота-118, келісім-шарт- 260 студент оқиды.

Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде 13 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты, 9 PhDдокторы, 15 аға оқытушы, 16 оқытушы бар.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·        2013-2014 оқу ж.ж профессор Беркимбаев Камалбек Мейрбекұлы және профессор Ж.З.Торыбаева «2013 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» иегері атанды.

·        ПрофессорБеркимбаев Камалбек Мейрбекұлыжәне доцент Жолсейтова Магрипа«Ы.Алтынсарин» төс белгісінің медалімен марапатталды.

·        2013-2014 оқу жылы студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында факультетіміздің 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 5В021100-«Теология» мамандықтары І-орын, 5В011400-«Тарих» мамандығының студенттері ІІ-орын, 5В020600-«Дінтану» мамандығының студенттері ІІІ-орынды иеленді.

·        Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2012-2014 жылдары факультетіміздің 9 білімгерлері Түркия Республикасының Хаджетепе, Акдениз, Инөнү, Гази университеттерінде бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтты. 2013-2014 оқу жылында Түркия Республикасының Болу қаласында 40 білімгер бір айлық іс-тәжірибеден өтті.

·        2012-2014 жылдарында факультетімізге Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен 25 профессор келіп, білімгерлерге 2 апталық дәріс оқыды.

·        5В021100-Теология мамандығының  студенті А.Тасболат Түркия Республикасы, Малатия қаласы, Инөні университетіне, 5В011400-Тарих мамандығының  студенті Суханов Ағаберді академиялық ұтқырлық аясында білім алмастыру бойынша 1 семестр Түркия Республикасы Хаджеттепе университетіне оқуға жіберілді.

·        2013 жылы мамыр-маусым айларында «Дінтану және теология» мамандығының 17 студенті Түркия Республикасы, Малатия қаласы, Инөні университетінде бір айлық оқу тәжірибеден өтті. 2014 жылдың тамыз айында «Дінтану және теология» мамандығының 40 студенті Түркия Республикасының Болу қаласында бір айлық оқуда болып қайтты.

·        Студентттеріміз іс-тәжірибеден өту базаларында өздерінің алған білімдерін жақсы көрсетуінің нәтижесінде көптеген студенттеріміз арнайы шақыртуымен жұмысқа қабылданады. Дінтану және теология мамандықтарының түлектері қазіргі таңда жүз пайыз жұмысқа орналасып, еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік дін істері мекемелері мен жергілікті атқарушы билік бөлімдерінде қызмет етуде. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының түлектері қазіргі таңда сұранысқа ие болып отыр. Тарих мамандығының түлектері еліміздің және шетелдік білім салаларында қызмет атқаруда. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және педагогика және психология мамандықтарының түлектері жалпы білім беретін оқу ордаларында қызмет етіп, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде

 

МАМАНДЫҚТАР:

5В010100-Мектепке дейінгі тәрбиелеу
5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5В010300-Педагогика ж/е психология
5В011400-Тарих
5В020600-Дінтану
5В020800-Археология және этнология
5В021100-Теология
 
СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕЛЕР МЕН КЛУБТАР
«Білімді болашақ»
«Сырласу» клубы
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Түркия Республикасы, Анкара, Хаджетепе, Инөнү университеттері.
Өзбекстан Республикасы Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институты.
РФ Татарстан Республикасы, Қазан қаласы
Ресей ислам университеттері.
 
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ
Қазақстан Республикасының министрлігінде
еліміздің және шетелдің жоғарғы оқу орындарында
ғылыми-зерттеу мекемелерінде
лицейлер мен колледж, жалпы орта мектептер мен балабақшаларда
 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:
Алыс және жақын түрік тілдес елдерден келіп студенттердің білім алуына мүмкіндіктің болуы.
Түркия Республикасы және басқа да шетелдік ЖОО-ның профессорларының факультет студенттеріне дәріс береді. 
Кредиттік технология  бойынша білім беру.
Тәжірибелік дағдыларды нығайту мақсатында теориялық алған білімдерін арнайы практика базаларында жүзеге асыруы.
Қашықтықтан білім беру үйесі бойынша студенттердің білім алуы. 
Академиялық ұтқырлық бойынша  студенттердің шетелдік ЖОО-да бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтуы. 
Үздік оқыған студенттер Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болуға мүмкіндігі бар.
Студенттерге қол жетімді ақпараттардың университет және факультет сайттарында болуы.  
Кітапхана, спорт кешендері, студенттік асхана және жатақханамен қамтамасыз етілуі. 

 

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ТУРАЛЫ

Төлегенов Еділ Мейірбекұлы 20.09.1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, тарих мамандығы байынша бакалавр, 2000-2002 жылдары тарих мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітірген. 

Еңбек жолын 2002-2003 оқу жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жалпы тарих» кафедрасында  оқытушылық қызметімен бастаған. 2004-2008 жылдары тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, 2010-2014 жылдары оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарған. 

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде 07.00.03-Жалпы тарих мамандығы бойынша«Еуразиялық Одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асуы»  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.  Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар негізінде 18 ғылыми еңбегі бар.