Студенттік бөлім

 

 

 

 

 

Жумжаева Гульнара Куралбековна – студенттік бөлім бастығы

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №315
 

Телефон: 6-36-36 (ішкі 11-18)
 

Факс: +7 (72533) 6-36-42

 

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім қызметкерлері:

Балтенова Айнұр Рахымжанқызы-   маман
Балтабаева Нуржамал Мейркуловна - маман
Баетов Ерназар Копжасарович – маман
Асанова Айгуль Шакеровна- маман
Коштаев Кенишбек Есентаевич – инспектор
Гаибишова Нилуфар Каримжановна – инспектор
 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттік бөлімі университеттің академиялық мәселелер жөніндегі Департаментіне қарасты құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттік бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
оқуға қабылданған білімгерлердің жеке істерін сақтау; білімгерлердің бұйрықтарын әзірлеулер мен рәсімдеулерді жүзеге асыру, жеке істерге бұйрықтардың және тиісті құжаттардың көшірмелерін салу; уақытша пайдалануға берілген құжаттарды есепте ұстау; басқа мекемелерге құжаттарды жіберу; құжаттарды мұрағатқа тапсыруға рәсімдеу; білімгерлердің құжаттарын рәсімдеу;  бұйрыққа сәйкес білімгерлер санының өзгеруін өңдеу; ақылы бөлімде оқитын білімгерлердің жеңілдіктер беру туралы бұйрықтарды әзірлеу; факультет, мамандық бойынша білімгерлердің жеке істерін жинақтау және оларды сақтау; мемлекеттік гранттар бойынша бос орындарға ауыстырылатын білімгерлердің құжаттарын әзірлеу; білімгерлер санының өзгеруі туралы ай сайын статистикалық есеп беру (ҚР БҒжМ, статистикалық басқарма, бухгалтерия).
Студенттік бөлім бөлімнің алдына қойылған міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым -қатынаста болады.
Бөлім университет білімгерлеріне қажетті бланктармен, соның ішінде сынақ кітапшалары, студент билеттерімен қамтамасыз етеді.
Шетелден келген білімгерлердің шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды міндетті түрде тану және нострификациялауды ұйымдастырады.
 
Бiлiм туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы өтiнiш берілген жағдайда ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);       
Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет; 
7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;
8) төлем туралы түбіртек. Банк реквизиттері:
ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» РМК
РНН 620200256368 БИН 050640004360
ИИК КZ 17998ВТВ0000002884
БИК ТSES KZ КА
Кбе 16 Кнп 859
«Цеснабанк АҚ Астаналық филиалы»
9) Құжаттар тігілген папка (пластикалық)
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының мекен-жайы: 01000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 14, 6 қабат, 601-кабинет.
Телефондар: 8 (7172) 27-82-91 (факс), 27-82-92, 27-82-99, 76-83-01, 76-83-02, 76-83-03, 76-83-04, 76-83-05, 76-82-99 
 

 

Асанова Айгуль Шакеровна

маман

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №315
 

Телефон: +7 (72533) 6-36-36 (ішкі 11-18)
 

Факс: +7 (72533) 6-36-42

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

 

Баетов Ерназар Копжасарович

маман

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №314
 

Телефон: +7 (72533) 6-36-42, 6-36-36 (ішкі 11-82)
 

Факс: +7 (72533) 6-36-42

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.