Материалдар

«БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
 
САТТАРХАНОВ  БЕКЗАТ СЕЙІЛХАНҰЛЫ
(04.04.1980-31.12.2000)
 
Заң факультетін тәмамдаған.
 
Сидней Олимпидасының чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласындағы көшеге Бекзат Саттархановтың есімі берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі Халықаралық турнир өтеді. 2005 жылы спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. 2006 жылы«Қазығұрт» баспасынан спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы мен баспагер Темірғали Көпбаев құрастырған «Бекзат» фотоальбомы жарық көрді. Фотоальбом «Дара Бекзат», «Бала Бекзат», «Мәңгілік Бекзат» деген үш бөлімнен тұрады. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсіріп, тұсауын кесті. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін дүниеге әкелді. Бұл ән 2002 жылы өткен «Азия дауысы» фестивалінің «Қазақ әндері» бәйгесінде «Алтын домбыра» жүлдесін жеңіп алды.
Бекзаттың Бекзат есімді інісі өсіп келе жатыр. Ата-анасы Бекзатты мәңгі есте қалдыру мақсатында немерелерінің біріне Бекзат есімін берген.
 
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.
 
Дайындаған: Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ.