Материалдар

ЖАПИШОВ ҒАНИ ӨТЕПБАЙҰЛЫ

«БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
 
ЖАПИШЕВ ҒАНИ ӨТЕПБАЙҰЛЫ
 
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ, ҚАРАБҰТАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ.
2008 ЖЫЛЫ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫН ТӘМАМДАҒАН.
ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ, КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН  МАРАПАТТАЛҒАН.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ, ПРОДЮСЕР. «ЖАҢА ҚОҒАМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АВТОРЫ ӘРІ ЖҮРГІЗУШІСІ. 
 
«СТУДЕНТТІК ЖЫЛДАРЫМ – ЕҢ КЕРЕМЕТ КЕЗЕҢ ҒОЙ»
 
-Біз оқыған тұста мүмкіндіктеріміз мол болды. 4 жыл жатақханада жаттық. Оқу ғимаратымыз, кітапханамыз, спортпен шұғылданып, серуендейтін орындарымыздың барлығы бір жерде орналасқандықтан уақытымызды тиімді пайдаланатынбыз. Шетелдік мұғалімдерден де дәрістер алып тұратынбыз. Сабақты жақсы оқыдым. Ағайларыма үлкен рахмет айтамын. Әсіресе, Сейдолла Садық, Бекжігіт Сердәлі  ағайларымызға үлкен алғысымды білдіремін.   Ал, университеттің қазіргі білімімен  салыстырсақ,  ақпарат көздерінен оқып жатқанымыздай университетіміз жайқалып жан-жақты дамып, көкжиегі кеңейіп жатыр екен. Жаңа ғимараттар пайда болған, жас білікті мамандар қатары көбейіпті. Осының барлығы әрине көңілді көншітеді.  Оқу ордамыздың түлектеріне қарап деңгейін пайымдауға болады.  Курстас достарыммен әрдайым байланысып тұрамын. Барлықтары да жақсы қызметтерді атқарып жүр.
Қызықты оқиға өте көп болды. Соның бірін айтайын. Мәдениет орталығында ай сайын, тіпті, апта сайын түрлі іс-шаралар өткізіп тұратын едік.  Солардың бірінде қателеспесем қыздар тақырыбына бір шара ұйымдастырдық. Алдын- ала жазылған сценарий бойынша қыздар жатақханасына қыздардың киімдерін киіп вахтадан өтіп кету керек болды. Дәл сол бізбен группалас досым Жанболат Малаев екеуміз қыз болып киініп, тіпті, әшекей бұйымдар тағып  сыптай болып, вахтадан кіріп еш білдіртпей өтіп, жатақхананы 2 сағат аралағанымыз бар еді.....:))))   Оның барлығын бейнекамераға түсіріп алып , кейін осы іс-шарамызда мәдениет сарайында көрсеттік..
Студенттерге айтар кеңесім:  көп талпынып, өз бетіңмен ізденуге осы бастан  үйренген дұрыс. Белсенді болуға да тырысу керек. Десек те оқу – басты  орында екенін ұмытпаныздар. Жан-жақты болуға машықтаныңыздар.  Ана тілден бөлек, өзге тілдерді де бос уақыттарыңызда үйрене жүріңіздер. Біздің университетте барлық мүмкіндіктер бар.
 
Туған күніңмен, сүйікті оқу ордам!
 
Дайындаған:   Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ.