Материалдар

ДҮЙСЕНБІ АСҚАР КЕЙКІҰЛЫ

«БІЗДІҢ ТҮЛЕК - БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
 
ДҮЙСЕНБІ АСҚАР КЕЙКІҰЛЫ
 
«Хабар» телеарнасының редактор-сценаристі.
 
1995 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бакалавр академиялық дәрежесі бойынша тәмамдаған.
 
1996 жылы Магистратураны, 2000 жылы Аспирантураны, 2007 жылы Докторантураны бітірген.
 
Филология ғылымдарының кандидаты.
 
PHD докторы.
 
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз елді мекенінің тумасы.
 
«ӘР КҮНІМІЗ ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ БОЛАТЫН»
 
-Біз білім алған тұста, алғаш университтетің құрылған шағы және тәуелсіздіктің алғашқы жылдары болатын. Экономикалық тоқырау. Әйтсе де, университетке Алматы, Қарағанды қалаларындағы ең озық мамандар тартылды. Оқытушылар құрамы мықты, білім беру де сапалы болды. Бүгінгі кезеңнің айырмашылығы, оқу ордасы материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген. Заманауи технологиялармен жабдықталған. Оқулықтар мен қажетті білім алу құрылғыларына барынша қол жетімді. Білімге құштар, жақсы маман болам деген адамға қашан да, қай кезеңде де жол біреу-ақ. Ол – оқу!
 
Университтегі кезең, әр студен үшін қызықты шақ. Менің студенттік кезеңім – өмірімнің мәңгілік көктемі. Әр күніміз қызық, әр аптамыз маңызды оқиғаларға толы болатын. Түркия мен еліміздің президенттері, саяси, руханияттың ең лауазымды тұлғалары, өнер адамдары жиі келетін. Өзіміз университет ішіндегі талантты, өнерге құштар жастармен тығыз байланыстар орнатып, рухани орта жасап, әр кешті тойға айналдыратынбыз. Есімде қалған оқиғаларды тізбектеп жазу кітапқа симас сірә.  
 
Университетіміз жәй ғана оқу ордасы емес. Оның негізгі құрылғандағы мақсаты тамыры бір түркі әлемінің ошағы болу яғни, түркологиялық орталық миссиясын арқалау болатын. Мамандыққа сәйкес білімді әр жерден алуға болады. Мұнда оқыған әр студент қазақ халқының ғана емес, түркі жұртының тарихы мен мәдениетін білетін, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген «толық адам» болып шығулары тиіс! Менің қазірге шәкірттерге айтарым білімді болыңыздар, білікті болыңыздар!
 
Туған күніңмен, сүйікті оқу ордам!!!
 
Дайындаған:   Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ.