Материалдар

ЕРЖАН НҰРЫМБЕТ

«БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»

 

ЕРЖАН НҰРЫМБЕТ

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.

2000 жылы ӨНЕР факультетін үздік бітірген.

 

Еңбек жолын 2000 жылы Түркістан сазды драма театрынан бастаған. Дарынды әншілік қабілетімен қоса, актерлік шеберлікті терең меңгерген Ержан 20-дан аса рөлді сомдап, бірнеше фильмдерге түскен.

2002 жылы Қазақфильм ұлттық киностудиясының шақыруымен режиссер Болат Қалымбетовтың «Сардар» фильмінде Ақберен рөлін сәтті ойнап шыққан. 2003 жылы режиссер Сергей Бодровтың қысқа метражды «Меч Махамбета» фильмінде, 2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмінде, 2009 жылы Тәуекеловтың «Атажұрт» фильмінде, 2010 жылы Ә.Сүлееваның «Жеңіс семсері» фильмінде Арыстан батырды сомдап, көрермен көзайымына айналған.

2008 жылы Қазақстан киномотаграфистер Одағының мүшесі болды. Мемлекеттік степендяи иегері.

2007 жылдан бері Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театрында еңбек етіп келеді.

 

Дайындаған:  Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ.