Жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бас ғимаратының Сенат залында Жастар ұйымы, Студенттік ректораттың белсенді жастарының бас қосуы өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Түркі тілдес халықтар бірлігі» идеясын насихаттау мақсатында 28-30 сәуір күні болатын түркі тілдес елдердің жастары арасындағы «Түркі әлемінің жастары мен студенттерінің халықаралық І фестивалі».
Фестивальдың бағдарламасы мен негізгі мақсатын Жастар ұйымының төрағасы Бағлан Ермаханов таныстырып, белсенді жастарды шараның сапалы өтуіне атсалысуға шақырды.
Түркі дүниесімен қарым-қатынасты нығайту және түркі тілдес халықтарының ортақ тарихы мен түркі дүниесі құндылықтарын қалыптастыру. Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20 жыл толуына орай түбірі бір түрік халықтарының жастарының басын біріктіріп, түркі тілдес елдердің ұлттық аспапты орындау шеберлігін, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық киімдерін насихаттауды мақсат етіп отырған шараның маңызы зор екендігі айтылды.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымақ-бірлігі жарасқан университет студенттері ретінде осы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысайық!
Н.Әбдірасылов,
Студенттік вице-президент.
Сәуір 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
30 | 31 |
1
|
2
|
3
|
4 | 5 |
6
|
7
|
8 |
9
|
10
|
11
|
12 |
13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 |
20
|
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |