Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 16-17 сәуірде студенттер арасында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен республикалық олимпиада өтті.
Аталмыш білім сайысына университетімізден магистр –оқытушы Бақытжан Абиевтің жетекшілік етуімен, білімгерлер Естай Салтанат, Оразәлі Шахида, Қалдықыз Пернебекова қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иемденіп келді. Олимпиада жұмысы екі кезеңнен тұрады. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін жоғарылатуға қажетті жағдайлар тудыру, кәсіби және ақпараттық құзырлық деңгейін көтеру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарылатуға қызығушылықтарын ояту, педагог мамандығының қоғамдағы алар орнын, мәртебесін көтеру, ғылым-білімді насихаттау. ЖОО оқытушыларына арналған «Жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысқаны үшін команда жетекшісі Б.Абиев арнайы сертификатқа ие болды. Құттықтаймыз!
ЯУ-АҚПАРАТ
Сәуір 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
30 | 31 |
1
|
2
|
3
|
4 | 5 |
6
|
7
|
8 |
9
|
10
|
11
|
12 |
13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 |
20
|
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |