Ұлы Жеңіс ардагерлеріне тағзым

21-сәуір күні Ахмет Ясауи университеті, Медицина факультетінде «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай дайындаған «Ардагерлерді ардақтайық!» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Болашақ ақ халатты дәрігерлерді бос уақыттарында қоғамдық жұмыстарға баулып, осындай мәдени шараларға қатыстырып, Жеңістің ұлылығын паш еткен, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған оқытушылар  Т.М.Нарымбетова, Б.Т.Тастемированың еңбектері атап өтуге лайықты. 

Медицина факультетінің деканы, доцент М.Жүнісов, Жастар ұйымы мен студенттер бөлімінің төрағасы Б.Ермаханов осындай рухани серпін беретін кешті өткізген студенттерге, кафедра ұжымына алғыстарын білдірді. Ардагерлерін құрметтеген отаншыл жастардың бұл еңбектеріне ризашылықтарын білдірді. Ал, осы кешке арнайы келген ардагер атамыз Н.Абдрасилов қасіретті зұлмат соғыста бастан кешкен қиындықтарын айтып, қалай жеңіске жеткендерін тағылымы мол әңгімесінде естеліктірден сыр шертті. Сондай-ақ, М.Жүнісов мырза ардагер атаға, кафедраның профессорлары И.Ишигов, С.Жумашевті Ауған соғысына қатысқан ерліктері үшін құттықтап, сый-сыяпат табыстады.

Ұлы Жеңістің тарихи парақтарын көз алдымызға келтіріп, жалынды баяндамаларымен, әсерлі де шынайы көріністерімен тәнті еткен студенттер бар өнерлерін ортаға салды. «Бауыржан атаға арнау», «Майданнан хат» қара өлеңдері, «Әлия», «Әрқашан күн сөнбесін», «Сарбаздар», «Бейбіт күн тілегі» әндері, «Соғыс қасіреті» көрінісі бейбітшілік үшін құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына тағзым жасап, мәңгі ұмытпайтын ұрпақтары барын еске түсірді.

Ия, осылайша, болашақ дәрігерлеріміз адам жанын жылы сөздермен емдеп, оқуымен қатар осындай мұраты ұлы игі  іс-шараны өткізуге ұйымшылдықпен атсалысқандары көңілге медеу, жанға дауа сыйлап, Жеңіс туын көкке көтеріп, тәуелсіз елдің азаматтық ерлігін дәріптеді.

(Суреттерді түсірген О.Назаров)          

        

PR медиа орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
30 31 1
  • Иран Ислам Республикасы Елшілігімен ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды
  • 24 грант Республикалық Олимпиада жеңімпаздарына берілді
2
  • «ХҚТУ - Самұрықтары» үздік танылды
  • Информатикадан Республикалық пәндік олимпиада басталды
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
3
  • Дөңгелек үстел: «Иран өнері, тарихы, мәдениеті»
  • "Егемен Қазақстан": Түркістанда Қазақ хандығының тарихына арналған конференция өтті
  • Bnews.kz: Түркістанда Қазақ хандығына қатысты халықаралық конференция өтті
  • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БІЛІМДІЛЕРДІ ДАРАЛАДЫ
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҮРКІСТАНДА ҒЫЛЫМИ САРАЛАНДЫ
  • Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
  • topzhargan.kz
  • bnews.kz
4 5
6
  • «Менің Қазақстаным пойызы» акциясы Түркістанда
  • Олимпиада жетістіктері
  • "Қазақстан ТВ": Түркістан – Қазақ хандығының алтын діңгегі болған
  • "7 арна ТВ": Түркістан туралы терең мағлұматтар жиналмақ
7
  • Хабарландыру
  • Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған ХҚТУ-дің Құрметті профессоры!
8 9
  • Тарих – ғасырлар куәсі
10
  • "Ақиқат" журналы: "ҚАЗАҚ РУ, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ҚАЙТА РУ, ЖҮЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ"
  • Жас шеберлердің туындылар көрмесі
  • Көші-қон жөніндегі талаптар түсіндірілді
  • Аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар басқосты
  • ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
11
  • "Егемен Қазақстан": Түркия президентіне ХҚТУ-дің «Құрметті профессоры» атағы ұсынылды
  • Олимпиада жеңімпазы анықталды
12
13 14
  • Хабарландыру
15
  • Жастарға бағыт-бағдар берілді
  • ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАР
16 17
  • Түркия және Қазақстан республикаларының Президенттері Ахмет Ясауи университетінде
18 19
20
  • Халықаралық ғылыми додада шәкірттеріміз мойындалды
  • ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖҮР
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3