Жас дарын

Кәсіби бағдар бөлімі университеттің позитивті бейнесін арттыруға бағытталған «Жас дарын» жобасын жүргізіп келеді. Жобаның бүгінгі кейіпкері – Мустафа Караташ. Түркияның Балыкесир қаласында дүниеге келген. Бос уақытында өлең жазып, баскетбол ойнағанды ұнатады. Бала күнінде әкесі секілді білімді математик болуды армандаған. Мустафа Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанды үлгі тұтады.
Қазіргі таңда Мустафа жаратылыстану факультетінде математика мамандығы бойынша білім алып жүр. Дарынды жаспен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 
 
КАРАТАШ Мустафа, ЖМА-112 тобының студенті, Студенттік клубтар төрағасы:
 
«АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!» 
 
Үлкен өмірге аяқ басқан әрбір жастың алдынан мамандық таңдау мәселесі шығады. Бұл оның ең алғашқы салмақты шешімі болуы мүмкін, солай ғой? Қазіргі таңда математика саласы бойынша білім алып жатырсыз.  Неліктен бұл мамандықты таңдадыңыз? Емтихандардан өту қиын болмады ма? 
-Түркия Республикасында ҰБТ тапсырып, жинаған ұпайыммен Жаратылыстану факультетінің математика мамандығын таңдап, дайындық факультетінде қазақ, орыс тілдерін меңгеріп шықтым. Екі тілдің емтихандарынан өте жақсы тапсырып студенттер қатарына қосылдым. Емтихандардан өту қиын болған жоқ. Себебі, тек керекті сабақтардан емтихан тапсырдық, күнделікті дайындық арқылы нәтижеге қол жеткіздім. 
Бала кезімде математика мамандығы бойынша жоғары білім алып, университетте сабақ берсем деп армандадым. Арман адастырған жоқ, қазіргі таңда осы сала бойынша білім алып жатырмын. Бала арманым орындалды! Негізі бұл мамандықты таңдауым тікелей отбасыммен байланысты. Себебі, отбасымда әкем математика пәнінің мұғалімі еді. Мен ол кісімен көп уақытты өткізетінмін, математикадан емтиханға дайындалатын едім. Соның нәтижесінде математика деген құштарлығым артты, математика маған ерекше ұнай бастады. Қазіргі таңда,бұл алға қойған мақсатымнан танбай, тікелей осы сала бойынша өзімнің сүйікті университетімде білім алып жатырмын. 
Өскелең ұрпаққа математика және тіл ең керекті мамандық деген көзқарасты қолдаймын және осыны негізгі  маңыздылық деп санаймын. Ия, бұл мамандық Қазақстанда өте жақсы дамыған және унивситетімізде сабақ беретін профессор оқытушылар өте сапалы білім беріп мықты маман болуға дайындып жатыр. 
Студенттерге өздерінің бос уақыттарын ұйымдастыру мүмкіндігі беріле отырып, кәсіби дағдыларын және шығармашылық әлеуеттерін дамыту үшін университетте барлық жағдай жасалып отыр. Сіз ол мүмкіндіктерді қаншалықты пайдаланып жатырсыз?
-Иә, дұрыс айтасыз. Сол мүмкіндіктерді барынша пайдаланып қалуға тырысып жатырмыз. Осы кезге дейін көптеген іс-шараларға қатыстым. Республикалық және халықаралық деңгейде үлкен симпозиумдарға қатыстым. Астана, Алматы қалаларында математика және медицина салаларын бірлестіру туралы тақырыпта баяндамалар оқыдым. Халықаралық деңгейде Түркия Республикасында 120 елден келген студенттердің қатысуымен өткен конференцияға қатыстым. Осы арқылы ресми іс-шараларда өзіңді қалай көрсету және сол қоғамда қалай сөйлеу керек, қалай жұмыс жасау керек екендігін үйрендім. Осы тамаша сәтті пайдалана отырып, студенттерге жан-жақты жағдайдың бәрін жасап отырған университет басшылығына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.
Жиі баратын орныңыз қайсы? Бос уақытты қалай өткізесіз? Мәдени, спорттық секцияларға қатысасыз ба?
-Жалпы, университет бойынша студенттік клубтар төрағасы болғандықтан әлеуметтік және мәдени істер департаментіне жиі барамын. Өзіме керекті жұмыстар мен және сабақтарым бойынша кітапханаға да жиі бас сұғамын. Бұл университетте білім алып жатқаным үшін өте қуаныштымын, себебі, университетте  барлық жағдайларға мүмкіншілік берілген. Достық қарым-қатынас арттырғаным үшін университтетке ризамын. Маған сапалы білім, іс-шараларда бағалы тәжірибе және болашаққа мақсаттар мен жаңа ойлар акелді. Қазақстандық студенттермен жоғарда аталған студенттік клубтар арқылы олардың жүргізген іс-шараларына қатысу арқылы байланысым артты. Олармен қарым-қатынасым тек қана іс-шараларда емес күнделікті өмірде де өте жақсы.
-Ең үздік профессорлардан кімді айта аласыз? 
Профессор Қалымбетов Бурхан ағай, өйткені, ол кісі сапалы білім берумен қатар мықты маман болуыма үлес қосып келе жатыр.
-Соңғы оқыған кітабыңыз?
Искендер Паланың  “İstanbulcunun Sandığı” кітабы.
Математика саласының дамуына өз үлесіңізді қосатын білікті маман болып шығуыңызға тілектеспіз. Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
-Сізге де рақмет!
 
Жобаның авторы және жүргізушісі:   Ұлдарай Батырқызы, Кәсіби бағдар бөлімі.
 
 
 
 
Ескерту:  Құрметті жастар, Сіздерді де жобаға белсенді түрде қатысуға шақырамыз! Жобаға оқуда үздік, қоғамдық белсендігі жоғары, позитивті көзқарасы бар, креативті ойлай білетін жастар қатыса алады.
 

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
30 31 1
  • Иран Ислам Республикасы Елшілігімен ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды
  • 24 грант Республикалық Олимпиада жеңімпаздарына берілді
2
  • «ХҚТУ - Самұрықтары» үздік танылды
  • Информатикадан Республикалық пәндік олимпиада басталды
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
3
  • Дөңгелек үстел: «Иран өнері, тарихы, мәдениеті»
  • "Егемен Қазақстан": Түркістанда Қазақ хандығының тарихына арналған конференция өтті
  • Bnews.kz: Түркістанда Қазақ хандығына қатысты халықаралық конференция өтті
  • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БІЛІМДІЛЕРДІ ДАРАЛАДЫ
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҮРКІСТАНДА ҒЫЛЫМИ САРАЛАНДЫ
  • Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
  • topzhargan.kz
  • bnews.kz
4 5
6
  • «Менің Қазақстаным пойызы» акциясы Түркістанда
  • Олимпиада жетістіктері
  • "Қазақстан ТВ": Түркістан – Қазақ хандығының алтын діңгегі болған
  • "7 арна ТВ": Түркістан туралы терең мағлұматтар жиналмақ
7
  • Хабарландыру
  • Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған ХҚТУ-дің Құрметті профессоры!
8 9
  • Тарих – ғасырлар куәсі
10
  • "Ақиқат" журналы: "ҚАЗАҚ РУ, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ҚАЙТА РУ, ЖҮЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ"
  • Жас шеберлердің туындылар көрмесі
  • Көші-қон жөніндегі талаптар түсіндірілді
  • Аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар басқосты
  • ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
11
  • "Егемен Қазақстан": Түркия президентіне ХҚТУ-дің «Құрметті профессоры» атағы ұсынылды
  • Олимпиада жеңімпазы анықталды
12
13 14
  • Хабарландыру
15
  • Жастарға бағыт-бағдар берілді
  • ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАР
16 17
  • Түркия және Қазақстан республикаларының Президенттері Ахмет Ясауи университетінде
18 19
20
  • Халықаралық ғылыми додада шәкірттеріміз мойындалды
  • ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖҮР
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3