23-сәуір күні Инженерия факультеті, 318-аудиторияда «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының магистр-оқытушысы Дүйсенова Гаухардың ұйымдастыруымен Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай «Ата заңым, асыл заңым – қуатым!» атты тәрбиелік маңызы зор шара өтті.
Салтанатты шараның ашылуында Инженерия факультетінің декан орынбасары Ә.Кибишов құттықтауымен игі тілектерін жеткізді.
Ашық тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының тарихы туралы жалпы баяндама, Конституция жайында көптеген мәліметтер айтылып, «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» бейнеролигі көрсетілді. Концерттік бағдарламадағы “Адай” күйі, “Мерекем”, “Елім менің”, “Көк тудың желбірегені”, “Қазақтай ел қайда? ” әндері, Ата-заңымыздың негізі болған Тәуке ханның жеті жарғысы заңының шығуына байланысты“Тәуке хан” көрінісі, “Ата заңым айбыным!” қара өлеңнің нақышына келтіріп орындалуы жастардың бойындағы патриоттық сезімдердің бір көрінісі еді.
Бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске жетелеген, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы» - деген студенттер Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына айналған Ата Заңымыздың ұлық мерекесін зор құрметпен атап өтті. (Суреттерді түсірген О.Назаров)
PR медиа орталығы.
Сәуір 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
30 | 31 |
1
|
2
|
3
|
4 | 5 |
6
|
7
|
8 |
9
|
10
|
11
|
12 |
13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 |
20
|
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |