Университет аруы – 2015

22-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Шолпы» клубының және Әлеуметтік және мәдени істер департаментінің ұйымдастыруымен «Университет аруы – 2015» атты  қыз сыны байқауы өтті.

Байқау мақсаты – халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ұлттық киім үлгілерін насихаттау, әр факультет арасында достық қарым-қатынасты нығайту.«Шолпы» қыздар клубының жетекшісі - «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., Ә.Білдебекова.

«Университет аруы – 2015» байқауында бұрымды жеті ару 4 шарт бойынша бақ сынасып сайысты:

- «Сәлем сөздің атасы» бейнероликпен өзін, факультетін таныстыру;

- Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты «Сұрақ-жауап» сайысы;

- «Өз өнерін көрсету»;

- Ерекше материалдан дайындаған дизайны қайталанбас «Сән көрсетілімі».

Бір-бірінен өтетін ақылына көркі сай сұлу да сымбатты аруларымызды атап өтсек:

1. Инженерия факультетінің аруы Орманова Лейла. 2. Медицина факультетінің аруы Қалжан Айжан. 3. Өнер факультетінің аруы Сәтбергенова Жазира. 4. Гуманитарлық ғылымдар факультетінің аруы Болат Арайлым. 5. Филология факультетінің аруы Жұмахмет Күлән. 6. Жаратылыстану факультетінің аруы Кенешбаева Ақнұр. 7. Әлеуметтік ғылымдар факультеті аруы Алайдар Нұрдана.

Университет арулары сайысы нәтижесі төмендегідей. Бас жүлде иегері – қобыз бен домбыраны бірдей меңгерген, ғылым мен өнерді қатар алып жүрген Инженерия факультетінің студенті Орманова Лейла (ноутбук);

 1- орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Алайдар Нұрдана;

 2-орынды  Өнер факультетінің студенті Сәтбергенова Жазира;  

 3-орынды Жаратылыстану факультетінің студенті Кенешбаева Ақнұр иеленді.   

Сондай-ақ, «Ибалы қыз» аталымын Болат Арайлым, «Көрермен көзайымы» аталымын Қалжан Айжан, Жұмахмет Күлән, Кенешбаева Ақнұр иеленді.

Қазылар алқасы Түркістан сазды-драма театрының актрисасы М.Мақұлбекова, ХҚТУ әкімшілік кадр басқармасының кеңсе жетекшісі Ә.Ламашарипова жүлдегерлерді марапаттап, сый-сыяпат, сертификаттарын табыстап, пікірлерімен құттықтауларын жеткізді.

Сайыс өте қызықты өтті. Журналистика мамандығының студенттері Жолдықожаев Бекұлан, Құрбанов Фурхат қыз сынын жарасымды әзіл-қалжыңмен өткізді. Жүргізушілер әсем қыздарға дауыс беру үшін 2 күн бұрын Вконтакте желісінде «Шолпы» қыздар клубының жеке парақшасы ашылғанын хабарлады. Желідегі қызықты пікірлерді оқып, залды күлкіге батырып, кештің көркін қыздырды. «Университет  аруы - 2014» байқауының былтырғы жеңімпазы, Айтмухамбетова Айгерім ән шашу арнап, барлық аруларға сәттілік тіледі. Дефиле сайысында арулар киімдері көздің жауын алардай әдемі. Шардан, қағаз салфеткадан, шемішкеден жасалғаны таңқаларлықтай болды. Жалпы, арулар әр сайысқа өте жақсы дайындалғаны көрініп тұрды. Инабатты, ибалы, парасатты қыздарымыз жан-жақты өнерлерін көрсетті. Барлығы да ханшайым болуға лайықты!

(Суреттерді түсірген О.Назаров)   

 
 
 
 
   

       

           

PR медиа орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
30 31 1
  • Иран Ислам Республикасы Елшілігімен ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды
  • 24 грант Республикалық Олимпиада жеңімпаздарына берілді
2
  • «ХҚТУ - Самұрықтары» үздік танылды
  • Информатикадан Республикалық пәндік олимпиада басталды
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
3
  • Дөңгелек үстел: «Иран өнері, тарихы, мәдениеті»
  • "Егемен Қазақстан": Түркістанда Қазақ хандығының тарихына арналған конференция өтті
  • Bnews.kz: Түркістанда Қазақ хандығына қатысты халықаралық конференция өтті
  • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БІЛІМДІЛЕРДІ ДАРАЛАДЫ
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҮРКІСТАНДА ҒЫЛЫМИ САРАЛАНДЫ
  • Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
  • topzhargan.kz
  • bnews.kz
4 5
6
  • «Менің Қазақстаным пойызы» акциясы Түркістанда
  • Олимпиада жетістіктері
  • "Қазақстан ТВ": Түркістан – Қазақ хандығының алтын діңгегі болған
  • "7 арна ТВ": Түркістан туралы терең мағлұматтар жиналмақ
7
  • Хабарландыру
  • Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған ХҚТУ-дің Құрметті профессоры!
8 9
  • Тарих – ғасырлар куәсі
10
  • "Ақиқат" журналы: "ҚАЗАҚ РУ, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ҚАЙТА РУ, ЖҮЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ"
  • Жас шеберлердің туындылар көрмесі
  • Көші-қон жөніндегі талаптар түсіндірілді
  • Аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар басқосты
  • ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
11
  • "Егемен Қазақстан": Түркия президентіне ХҚТУ-дің «Құрметті профессоры» атағы ұсынылды
  • Олимпиада жеңімпазы анықталды
12
13 14
  • Хабарландыру
15
  • Жастарға бағыт-бағдар берілді
  • ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАР
16 17
  • Түркия және Қазақстан республикаларының Президенттері Ахмет Ясауи университетінде
18 19
20
  • Халықаралық ғылыми додада шәкірттеріміз мойындалды
  • ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖҮР
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3