23-сәуір күні Медицина факультеті, 322-аудиторияда «Зертханалық пәндер» кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Халықтар Ассамблеясына 20 жыл!» атты тәрбиелік, патриоттық шарасы өтті.
Медицина факультетінің деканы, доцент М.Жүнісов, Жастар ұйымы мен студенттер бөлімінің төрағасы Б.Ермаханов, «Зертханалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., А.К.Мамырбекова, б.ғ.к., профессор Р.Дильбарканова жастарға жылы лебіздерін білдіріп, маңызды шараны өткізген 1-курс студенттеріне алғыстарын жеткізді.
ЖМ-409, ЖМ-413, ЖМ-414, ЖМ-415 топ студенттерін патриоттық рухқа баулып, татулықты насихаттаған, іс-шараны жоғары деңгейде дайындаған - б.ғ.д., Э.Оспанова, б.ғ.д., профессор Қ.Байтұрсынов, б.ғ.к., профессор Р.Дильбарканова.
Мәдени шараны қазақ, түрік тілінде хабарлаған жүргізушілер, барлық қатысушылар өз ұлттық киімдерімен кештің шырайын кіргізді. Бір шаңырақтың, бір тудың астында біріккен ұлт пен ұлыс өкілдер достығы паш етілді. Түрлі ұлттардың достығы мен татулығы, ауызбіршілігі мен ұйымшылдығы дәріптелді.
Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы сұрақ-жауап барысында студенттер мол білімдерін танытты. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан жастардың мақсаты, рухы бір екені айқын да анық көрінді. Студенттердің жан-жақты өнерлері тамашаланды. (Суреттерді түсірген О.Назаров)
PR медиа орталығы.
Сәуір 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
30 | 31 |
1
|
2
|
3
|
4 | 5 |
6
|
7
|
8 |
9
|
10
|
11
|
12 |
13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 |
20
|
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |