24-сәуір күні ХҚТУ жаңа кітапханасының кіші залында Ахмет Ясауи университеті, Түркияның Хажеттепе университеті, Манас атындағы Халықаралық қырғыз-түрік университеттері бірлесіп ұйымдастырған «Педагогикалық ғылымдар және медициналық білім беру» атты халықаралық симпозиумыбасталды.
Симпозиумның ашылу салтанатында І вице-президент, профессор М.Куталмыш құттықтау тілектерін жеткізіп, ғылым, білім туралы ойларымен, халықаралық шараның маңызын атап өтті.
Халықаралық симпозиум модераторы - ХҚТУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті, тех.ғ.к., ХАА академигі Б.Ахметов.
Симпозиум 24-25 сәуір аралығында 2 секция бойынша қазақ, түрік, қырғыз, ағылшын тілінде өтеді. Жалпы 50-ге жуық баяндама тыңдалады. 100-ден аса барлық қатысушаларға сертификат табысталады.
Айта кетсек, симпозиумға қатысушы қонақтар: Семей мемлекеттік медициналық университеті, Манас, Хажетепе, Измир экономикалық университеті, Йылдырым Баязид, Еге, Стамбул медицина университеті, Дижле (Dicle), Ақсарай, TOББ, Экономика және технология университеті, Гази, Medipol, Ақдениз университетінен, Еуразия ұлттық университеті, Halk Sağlığı Kurumu, т.б., ЖОО-нан, жан-жақтан келді. (Суреттерді түсірген О.Назаров)
PR медиа орталығы.
Сәуір 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
30 | 31 |
1
|
2
|
3
|
4 | 5 |
6
|
7
|
8 |
9
|
10
|
11
|
12 |
13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 |
20
|
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |