Ахмет Ясауи университеті жас дарындарға грант үлестірді

24-сәуір күні Қожа Ахмет Ясауи атындығы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Мектеп оқушыларының IХ аймақтық «Ақ қауырсын» шығарма бәйгесі өтті.

Дәстүрлі дарынды балаларға арналған шығармашылық бәйге осымен 9 рет өтіп отыр. Бүгінге дейін қаншама жас шығармагерлерге іздеу салған бұл бәйгенің артықшылығы нағыз талантқа білім грантын ұсынатындығында. 5В050400-Журналистика мамандығы бойынша 2 Түркия гранты үлестірілген аталмыш шығарма бәйгесіне Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстарынан 700-ге тарта 11-сынып оқушылары қатысқан. Осы таланттардың ішінен іріктеліп ақтық сынға 15 оқушы жолдама алды.

Ақтық сында өңірге белгілі журналистер төрелік етті. Олар - Суханберді Оразалыұлы – «Оңтүстік Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, Қайрат Зайнышев - «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Кентау және Түркістан өңірі бойынша меншікті тілшісі. Сондай-ақ, университет әлеуметтік және мәдени істер департаменті директоры Ләззәт Есентаева.

Сонымен, қаншама жас таланттың үмітіне айналған бәйге - грант иегерлері де анықталды. Алуа Тұрсынхан- Бас жүлде және Грант сертификатыОҚО, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы №14 мектептің  оқушысы,  Нұрбол Нышанбай  - 1-орын және Грант сертификаты ОҚО, Түлкібас ауданы, С.Бреусов атындағы жалпы орта мектептің  оқушысы.

Ал, Маржан Әшірапбаева, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №158 орта мектептің  оқушысы 2-орын және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің арнайы жүлдесін иеленсе, Ардақ Батырбек, ОҚО, Арыс қаласы, Әуезов атындағы мектеп-гимназияның  оқушысы 2-орын жүлдегері атанды.

Жүлделі 3-орын иегерлері - Әйкен Жақып, ОҚО, Мақтаарал ауданы, №21 Гагарин атындағы жалпы орта мектептің  оқушысы, Жамила Сүгірәлі, ОҚО, Қазығұрт ауданы, «Комсомол» орта мектебінің  оқушысы, Битөре Таубай, ОҚО, Төлеби ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің  оқушысы.

Поэзия Бекпатшаева, ОҚО, Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 мектептің  оқушысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

Университет вице-президенттері Мұстафа Нұрсой мен Бақытжан Мұхамеджанов бәйгеге қатысушылар мен жеңімпаздарға құттықтау сөздерін айтып,  сәттіліктер тілей отырып оқу орнының 5В050400-Журналистика мамандығында тегін білім алу үшін құқық беретін 2 орын Түркия грантының арнайы сертификаттарын табыстады.

Сондай-ақ, оқушылардың жетекшілеріне де сертификаттар берілді.

Талантымен талайларды тамсандыра алатын жас өрендердің үмітіне шамшырақ болған «Ақ қауырсын» шығармашылық бәйгесінің идеялық авторы ҚР мәдениет қайраткері, ХҚТУ профессоры Бекжігіт Сердәлі.

 

PR медиа орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
30 31 1
  • Иран Ислам Республикасы Елшілігімен ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды
  • 24 грант Республикалық Олимпиада жеңімпаздарына берілді
2
  • «ХҚТУ - Самұрықтары» үздік танылды
  • Информатикадан Республикалық пәндік олимпиада басталды
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
3
  • Дөңгелек үстел: «Иран өнері, тарихы, мәдениеті»
  • "Егемен Қазақстан": Түркістанда Қазақ хандығының тарихына арналған конференция өтті
  • Bnews.kz: Түркістанда Қазақ хандығына қатысты халықаралық конференция өтті
  • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БІЛІМДІЛЕРДІ ДАРАЛАДЫ
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҮРКІСТАНДА ҒЫЛЫМИ САРАЛАНДЫ
  • Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
  • topzhargan.kz
  • bnews.kz
4 5
6
  • «Менің Қазақстаным пойызы» акциясы Түркістанда
  • Олимпиада жетістіктері
  • "Қазақстан ТВ": Түркістан – Қазақ хандығының алтын діңгегі болған
  • "7 арна ТВ": Түркістан туралы терең мағлұматтар жиналмақ
7
  • Хабарландыру
  • Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған ХҚТУ-дің Құрметті профессоры!
8 9
  • Тарих – ғасырлар куәсі
10
  • "Ақиқат" журналы: "ҚАЗАҚ РУ, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ҚАЙТА РУ, ЖҮЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ"
  • Жас шеберлердің туындылар көрмесі
  • Көші-қон жөніндегі талаптар түсіндірілді
  • Аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар басқосты
  • ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
11
  • "Егемен Қазақстан": Түркия президентіне ХҚТУ-дің «Құрметті профессоры» атағы ұсынылды
  • Олимпиада жеңімпазы анықталды
12
13 14
  • Хабарландыру
15
  • Жастарға бағыт-бағдар берілді
  • ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАР
16 17
  • Түркия және Қазақстан республикаларының Президенттері Ахмет Ясауи университетінде
18 19
20
  • Халықаралық ғылыми додада шәкірттеріміз мойындалды
  • ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖҮР
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3