Кәсіби бағдар жұмыстары жалғасуда

Жуырда Кентау қаласындағы Дайындық, тіл үйрету орталығының тыңдаушыларына университеттің позитивтік бейнесін арттыру мақсатында кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Шараға университеттің Кәсіби бағдар бөлімінің маманы Ұлдарай Батырқызы, сондай-ақ, Жастар ұйымының белсенді студенттері қатысып қайтты.
Шара барысында университет туралы ролик көрсетіліп, жарнамалық өнімдер таратылды. Содан соң Кәсіби бағдар бөлімінің маманы Ұлдарай Батырқызы тыңдаушыларды университетке оқуға қабылдау ережесімен және жеңілдіктер беру тәртібімен таныстырып шықты. Университет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер туралы көптеген ақпараттар берді. Сондай-ақ, тыңдаушылар тарапынан жатақхана, кітапхана, академиялық ұтқырлық, халықаралық байланыс, білім беру жүйесі мен әлеуметтік қолдауларға қатысты қойылған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, әрбір факультеттің студенттік декандары ортаға шығып, арнайы дайындаған слайдтарын көрсетіп, факультет туралы толық ақпараттар беріп отырды. 
Айта кетейік, Дайындық, тіл үйрету орталығы  1997 жылы ашылған. Қазіргі таңда 20 түркі тілдес мемлекет мен туыстас қауымдастықтан келген 205 тыңдаушы мен Түркия гранты негізінде білім алатын «Тіл білімін жетілдіру курсының» 350 студенті білім алуда. Студенттер мен тыңдаушыларға білікті оқытушы-профессорлар дәріс береді. 
 
   Нұрболат ХАСАН, студенттік вице-президент.
 

Жаңалықтар мұрағаты

Сәуір 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
30 31 1
  • Иран Ислам Республикасы Елшілігімен ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылды
  • 24 грант Республикалық Олимпиада жеңімпаздарына берілді
2
  • «ХҚТУ - Самұрықтары» үздік танылды
  • Информатикадан Республикалық пәндік олимпиада басталды
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
3
  • Дөңгелек үстел: «Иран өнері, тарихы, мәдениеті»
  • "Егемен Қазақстан": Түркістанда Қазақ хандығының тарихына арналған конференция өтті
  • Bnews.kz: Түркістанда Қазақ хандығына қатысты халықаралық конференция өтті
  • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БІЛІМДІЛЕРДІ ДАРАЛАДЫ
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҮРКІСТАНДА ҒЫЛЫМИ САРАЛАНДЫ
  • Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді
  • topzhargan.kz
  • bnews.kz
4 5
6
  • «Менің Қазақстаным пойызы» акциясы Түркістанда
  • Олимпиада жетістіктері
  • "Қазақстан ТВ": Түркістан – Қазақ хандығының алтын діңгегі болған
  • "7 арна ТВ": Түркістан туралы терең мағлұматтар жиналмақ
7
  • Хабарландыру
  • Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған ХҚТУ-дің Құрметті профессоры!
8 9
  • Тарих – ғасырлар куәсі
10
  • "Ақиқат" журналы: "ҚАЗАҚ РУ, ЖҮЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ҚАЙТА РУ, ЖҮЗДЕН ҚҰРАЛАДЫ"
  • Жас шеберлердің туындылар көрмесі
  • Көші-қон жөніндегі талаптар түсіндірілді
  • Аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар басқосты
  • ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ
11
  • "Егемен Қазақстан": Түркия президентіне ХҚТУ-дің «Құрметті профессоры» атағы ұсынылды
  • Олимпиада жеңімпазы анықталды
12
13 14
  • Хабарландыру
15
  • Жастарға бағыт-бағдар берілді
  • ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАР
16 17
  • Түркия және Қазақстан республикаларының Президенттері Ахмет Ясауи университетінде
18 19
20
  • Халықаралық ғылыми додада шәкірттеріміз мойындалды
  • ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БІЛІМ АЛЫП ЖҮР
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3