«Ұлт жоспары, 5 реформа және 100 қадам» тақырыбында семинар өтті

29-мамыр күні Ахмет Ясауи университетінде Әлеуметтік ғылымдар факультеті, құқық кафедрасының магистранты, факультет аға тәлімгері А.Есенжолованың ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары, 5 реформа және 100 қадам» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарды университеттің Ғылыми және иновациялық істер жөнінде вице-президенті Т.Райымбердиев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет 5 институционалдық  реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының бағыттырына тоқтала келе осы семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Іс-шараны құқық кафедрасының оқытушысы А.Есенжолова жүргізді.

«Бес институционалдық реформаға, 100 нақты қадам» с.ғ.д., профессор О.Нұсқабаев, «Ұлтты жаңғыртуға 5 реформа мемлекеттік құрылыстың 100 қадамы» атты тақырыпта э.ғ.к., доцент Қ.Калыкулов баяндама жасады. Сонымен қатар э.ғ.д., профессор Б.Мырзалиев елбасының бес реформасын қолдап, осы 100 қадам жоспары ертеңгі күнімізге, болашаққа нақты қадам басуымызға бірден-бір жолы деп пікірін білдірді.

Ал, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы э.ғ.д., профессор, С.Ыдырысов бес реформа:1. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, 2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, 3. Индустрияландыру және экономикалық өсім, 4. Біртектілік пен Бірлік, 5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жоспарын жүзеге асырудың жолдары туралы тоқталып, пікірін білдірді. Оның айтуынша мемлекет басшысының Ұлт жоспары, 5 реформа және 100 нақты қадам – бұл жаһандық және ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төтеп беру және  сонымен қатар Қазақстан әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі жоспары еліміздің айқын болашағына қадама басуы деп сенімін білдірді.

Іс шара соңында оқытушы-профессор құрамы, білімгерлер пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, көкейінде жүрген сұрақтар қойылды.

 

PR медиа орталығы. 

Жаңалықтар мұрағаты

Мамыр 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3
  • Хабарландыру
  • Хабарландыру
4
  • Хабарландыру
  • Іс-шаралар
  • Іс-шара
  • Іс-шара
  • Хабарландыру
  • Хабарландыру
5 6
  • Ашық сабақ
  • Жаратылыстану факультетінің студенттерін құттықтаймыз!!!
  • IKTU-Galaxy club
7 8
9 10 11
  • ХАБАРЛАНДЫРУ
12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5