«Алатау батыр Бесайдарұлы – Тәуекел мен Есім ханның бас сардары»

15-қазан күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында ХҚТУ, Түркістан қаласының әкімдігі және «Алатау батыр» республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алатау батыр Бесайдарұлы – Тәуекел мен Есім ханның бас сардары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның ашылу салтанатында ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Өмірзақ Айтбайұлы,  «Жалын» баспасының директоры, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков құттықтау сөздерін жеткізді. Конференция модераторы - ХҚТУ Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбек болды.

Ғылыми жиынның пленарлық мәжілісінде 15-ке жуық баяндама тыңдалды. Қонақтар  «Алатау батыр Бесайдарұлы – Тәуекел мен Есім ханның бас сардары» тақырыбындағы кітап көрмесімен, қазақ хандары мен батыр, билерінің сурет галереясымен танысты.

Сондай-ақ, құрметті қонақтар арасында ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай, «Ара» kz журналының Бас редакторы, сықақшы Көпен Әмірбек, ақын, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Бегманов Қасымхан Сейітханұлы, халық ақыны Әселхан Қалыбекова, “Қазақ үні” газеті ЖШС президенті, ақын Қазыбек Иса  Жарылқасынұлы, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ұлттық университеттің профессоры Қойгелді Мәмбет болды, т.б., еліміздің түкпір-түкпірінен келген көптеген  қадірменді қонақтар қатысты.

Алатау батыр Бесайдарұлы – Орта Азия хандықтарымен әскери, саяси тартыс барысында Сыр бойындағы қалалардың Қазақ хандығының иелігіне өткен тарихи оқиғаларда хандармен бірге шешуші рөл атқарған тарихи тұлғалардың бірі. Қазақ ұлттық энциклопедиясында «Қолбасшы, саяси қайраткер, Тәуекел ханның Самарқан-Бұқараға жорығында бас қолбасшысы болған. Кейін Есім ханның құба-қалмақпен шайқасқан жорықтарының кезінде қазақ жасақтарының құрметті қарт ағасы атанған» деген деректер берілген.

Міне, осындай батыр есімі  ұлықталып, 16-қазан күні Түркістан қаласы, Б.Саттархан даңғылында  Алатау батыр Бесайдарұлының құрметіне орнатылған монументтік ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

(Суретті түсірген Ә.Оспанов.)

 

Динара Мыңбаева,

 

Жаңалықтар мұрағаты

Мамыр 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3
  • Хабарландыру
  • Хабарландыру
4
  • Хабарландыру
  • Іс-шаралар
  • Іс-шара
  • Іс-шара
  • Хабарландыру
  • Хабарландыру
5 6
  • Ашық сабақ
  • Жаратылыстану факультетінің студенттерін құттықтаймыз!!!
  • IKTU-Galaxy club
7 8
9 10 11
  • ХАБАРЛАНДЫРУ
12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5