ІІІ Ұлттық Ассамблея және студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы өтетін Халықаралық ашық жобалар сайысы

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

сіздерді Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының ІІІ Ұлттық Ассамблеясына және студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы өтетін Халықаралық ашық жобалар сайысына қатысуға

ШАҚЫРАДЫ!

 

Өтетін уақыты:4-6 мамыр, 2015 жыл

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ассамблеяға тіркелу және жобаларды қабылдау күндер аралығы:

1–20 сәуір, 2015 жыл

 

Тіркелу үшін төмендегі сілтемені енгізіңіз:

 

 

Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясы (KazMSA) – бұл Қазақстан медицина жастарының бір шаңыраққа біріккен тәуелсіз, бейсаяси және коммерциялық емес ең ірі және беделді ұйымы. 2013 жылы құрылған бұл ұйым Қазақстан Республикасының негізгі медициналық және фармацевтикалық бағытта білім беретін Мемлекеттік және Халықаралық дәрежедегі 9 жоғары оқу орындарымен локальдылық ұстанымында жұмыс атқарады. Бұл ұйымның әр бір мүшесі Қазақстанды IFMSA (Халықаралық Медицина Ассоциацияларының Федерациясы) шеңберінде жұмыс атқаратын 119 мемлекетке танытуға тікелей ат салыса алады, еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына серпін береді және бұл шаралар ұйымның алға қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұл, Қазақстан медицина жастары арасындағы беделі аса жоғары ұйым ретінде Халықаралық Медицина Ассоциацияларының Федерациясымен  мойындалған Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына (ДДСҰ) танылған Қазақстандағы бірегей бірлестік қатарына кіреді. IFMSA-ның Генеральды Ассамблеяларына қатыса отырып, осы алып бірлестікке тіркелген 119 мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін, және жасалынып жатқан жаңа жобаларды жастық деңгейде шешуге ат салысып, өз кезегінде еліміздің денсаулық сақтау саласының артықшылықтарымен бөлісіп, жаңашыл өзгерістерді қабылдап, өз құзыреттіліктеріне сай жұмыс атқаруда.

KazMSA жылына екі рет Ұлттық Ассамблея (ҰА) ұйымдастырады. ҰА Ассоциацияның барлық мүшелерінен құралады. ҰА-да Медицина жастары атқара алатын, еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша мәселелер шешіліп, жаңа жобалар құралады, пікір және тәжірибе алмасу алаңы құрылады.

 

Ассамблеяның негізгі мақсаты:

·                    Әр мемлекеттер мен Қазақстан ішіндегі Медицина жастарының басын бір арнаға біріктіру, ынтымақтастықтарын арттыру;

·                    Медицина саласы бойынша білім және ғылым, тәжірибе алмасудың Қазақстан ішілік және бүкіләлемдік алаңын құру;

·                    Жаңашыл денсаулық сақтау саласы және эффективті медициналық білімі бар жаңа Қазақстанды құруға ат салысу.

 

Жобалар сайысының негізгі мақсаты:

·                    Сайыстар мен арнайы жүргізілетін тренингтер арқылы жобалар арнасының менеджментін қалыптастыру арқылы болашақ ғалымдар мен мамандардың креативті ойлау қабілеттерін арттыру;

·                    Медициналық және фармацевтикалық салалар бойынша жүргізілетін барлық жобаларды дұрыс ұйымдастырып және басқаруға үйрету;

·                    Жобалар менеджментінде Медицина жастарының барлық мүмкіндіктерін іске асыру мен ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру;

·                    Іріктеліп алынған ең үздік жобалардың іске асуына жағдай жасау;

·                    G-GlobalEXPO-2017 мақсаттарына сай жұмыс жасау және инновациялық-экологиялық бизнес жобалар бойынша G-GlobalEXPO-2017 ұйымдастырушы комитетінің қызығушылығын арттыру.

 

Жоба сайысының жеңімпазын анықтауға қойылатын негізгі талаптар:

Жұмыс орындалуының мәдениеті және мазмұндылығы:

·                    Мәселенің өзектілігі және негізділігі;

·                    Алынатын нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы;

·                    Жұмыс орындалуының сапалылығы және техникасы.

Жобаның жекешелігі:

·                    Шығармашылық пен өз орындаушылығы;

·                    Өз талпыныстары мен мүмкіндіктерінің шынайылығы;

·                    Жұмыс нәтижелілігі мен қызықтырушылығы.

Жобаның перспективтілігі:

·                    Қоғам және автор үшін жоғары тәжірибелік маңыздылығы;

·                    Нәтижелерді қолдана алу мүмкіндігі;

·                    Жұымысты ары қарай жалғастырудың мүмкіндігі.

Коммуникативті мәдениет:

·                    Қол жетімді, түсінікті және логикалық түрде болуы;

·                    Дискуссияларға дайындылықтың болуы;

·                    Сұрақтарға нақты жауап бере алу қабілеті.

Бизнес мәдениет:

·                    Жобаның жаңашылығы және инновациялылығы;

·                    Жобаның орындалу мүмкіндігі және коммерциялық потенциалы;

·                    Жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы.

 

Жобалар сайысының секциялары:

1.                  Медициналық және фармацевтикалық білімді жақсарту және оңтайландыру жобалары:

·                    Медицинаны гуманитарлық ғылымдармен байланыстырушы жобалар;

·                    Медицинаны жаратылыстарну ғылымдарымен байланыстырушы жобалар;

·                    Медицинадағы ІТ.

2.                  Барлық салалар бойынша жасалынатын ғылыми жобалар;

3.                  Бизнес жобалар.

 

Жұмыс тілдері:қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше.

 

Жобалар сайысы жеңімпаздарын марапаттау:

Барлық қатысушылар қатысқандығын куәландыратын Сертификаттармен марапатталады.

Жобалар сайысының жеңімпаздары сайыс номинациялары бойынша Дипломдармен және құнды материальды сыйлықтармен марапатталады.

Жобалар сайысының қорытындысы жобаны ұйымдастырушы жақтың официальды web-сайтында және тағы да басқа интернет-ресурстарда жарияланады.

 

Хабарласу ақпараттары:

·                    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медициналық білім беру департаменті, хабарласу тел.: +7 (725-33) 6-36-36 (ішкі-1321 – Тлеубергенова Жанар);

·                    KazMSA-LC IKTU ұйымдастырушы комитеті, KazMSA-LC IKTU директоры Оразбек Асылжан: +7 747 762 8809 (WhatsApp: +7778 534 2075); Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Медицина факультетінің «Жас Ғалымдар Бірлестігінің» хатшысы Орынқазы Ұлжанай: +7 778 111 7557;

·                    Ұйымдастырушы комитеттің электронды почтасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Құрметпен, Ассемблеяның ұйымдастырушы комитеті!