Қымбатты университетіміздің оқытушы-профессорлары және қызметкерлері, Сүйікті студенттер!
Құрметті Ұлы Отан Соғысы ардагерлері! Қымбатты ержүрек сарбаздар! Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен, 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бірліктеріңіз, бауырмалдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен ұлы құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге зор құрмет көрсету парызымыз.
Бұл мерекелер – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі – осынау мерекеміздің жемісі.
Жеңіс күні – ең қымбатты, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Ерлік пен қаhармандықтың өшпес өнегесін ұлықтау бізге парыз.
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаhармандықтың символы іспеттес.
Қымбатты университет ұжымы, сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, бірлік, тыныштық, мол жақсылық,бейбіт ғұмыртілеймін!
Жеңіс алауын жаққан, Отан үшін от кешкен ардагер аталарымызға мәңгі тағзым! Ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат! Ерлік пен даңқ мәңгі біздің жадымызда!
Құрметпен;
университет президенті,
профессор У.С.Әбдібеков.