Университетіміз Google Apps серверіне қосылды

Үстіміздегі жылдың көктемінен бастап қазақстандық компаниялар Google Apps барлық атқарымын пайдалану және сәйкес бухгалтерлік құжаттарды алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай мүмкіндік Google бизнес қосымшалар реселлерінің шығуы арқасында болып отырса керек. Естеріңізге сала кетейік, Google Apps – бұл корпорацияның бірқатар өнімдерімен меншікті домендік атауды пайдалануға арналған бұлтты қызметтер жиынтығы.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Б.Ахметовтың бастамасымен Компьютер орталығының мамандары Google Apps серверін пайдалануға сұраныс жасап, қол жеткізді. Бұл біздің университетіміз үшін үлкен жетістік. Ерекшеленген сервер өзінің ресурстарын ортақ қолдану үшін ұсынады. Арадағы келісім-шарттың арқасында оқу орны болғандықтан да тегін базалық, кәсіптік пакет қызмет түрін пайдалануға болады.

Google Apps бизнеске арналған пакеті Gmail, Күнтізбе, Диск, Сейф сияқты жалпы 9 қосымшаны қамтиды. Өнімдердің ақылы нұсқасы бизнес қажеттіліктеріне арналған бұдан да кеңейтілген атқарымды жобалайды (қойманың үлкейтілген көлемі, тұтынушылардың дербес мекенжайлары, құжаттармен бірігіп жұмыс істеу, мұрағаттандыру атқарымдары және т.с.с.).

 

PR медиа орталығы