Өзбекәлі Жәнібек оқулары-2016» атты VIІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасының базасында 2016 жылдың 3 наурызы күні дәстүрлі «Өзбекәлі Жәнібек оқулары-2016» атты VIІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. 
Конференция Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына және университетіміздің 25 жылдығына арналады. Конференция материалдарының жинағы электронды нұсқада (PDF форматында) таратылады. 
Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады:  
Әлихан Бөкейханов – Алаш қозғалысының көшбасшысы;
Тарих және этнология;
Археология және мұражайтану;
Филология;
Философия және мәдениеттану.
Педагогика және психология;
Жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар.
Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сай рәсімделуі қажет:
1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12. Қатараралық  интервал - бірлік.
4. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
5. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
6. Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі болуы міндетті.
7. Баяндамалар қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде қабылданады. Түрік, ағылшын тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме беру міндетті.
8. Конференция жұмысына қатысушыларға сертификат беріледі.
 
Баяндама мәтіндері 2016 жылдың ақпан айының 25-іне дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы – 1500 теңге мына есепшотқа аударылуы керек: 
РНН 582000019149 ИИК KZ436010291000010707 БИК HSBKKZX АО Народный банк Казахстана Кбе 16, БИН 990440008043
Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы: Б.Саттархан даңғылы, Бас ғимарат, 517 каб. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар фкультетінің «Тарих» кафедрасы. 
Байланыс тел: сот. 87017287276; 87758055977; Х.М.Тұрсұн, Г.Т.Жораева -  E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ;   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ;   
 
Ұйымдастыру комиссиясы