АҚПАРАТ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2016 жылдың 30-31 наурызында «Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдығы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасыжоғары оқу орындары студенттері арасындағы   VIIІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасын (ары қарай-Республикалық олимпиада)өткізеді.

 

Республикалық олимпиаданың тақырыбы: «Ахмет Ясауи ілімі».

Республикалықолимпиаданың мақсаты: студенттердің ислам діні және Қазақстан тарихындағы орны мен ролі туралы тарихи танымдық білімін жетілдіру; діни сана мен тәжірибесінің аксиологиялық, философиялық қабаттары мен болмысы туралы теориялық қолданбалы методологиялық кәсібилік қабілетін арттыру және білім алушылардың дінтанулық және теологиялық мәдениетін қалыптастыру, олардың жеке тұлғалық-шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, кәсіби іскерлігін жүзеге асыру мен ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.

 

Жалпы ақпарат

 

Республикалықолимпиаданы жүргізу тілдері: қазақ, орыс

 

Республикалық олимпиаданыңтақырыптық бағыты:

•         Қожа Ахмет Ясауи ілімі

•         Қазақстандағы ислам және діндер тарихы

•         Ислам ғылымдары тарихы мен негіздері

•         Дін және мәдениет  пен өркениет қабаттары     

 

Республикалықолимпиадағадінтану және теология  мамандықтарыбойынша оқитын 3(үш) студенттен құралған командаларқатыса алады.

 

Республикалық олимпиада екі кезеңнен өтеді:

 

1) бірінші – ЖОО кезеңі (2016 жыл 01 қаңтарға дейін).

2) екінші – республикалық (мәреге жету) кезеңі (30-31 наурыз 2016 жыл).

 

Республикалық олимпиада мәреге жету кезеңі - үш турдан тұратын командалар мен студенттердің сайысы (жеке сынақ):

1).Бірінші тур «Ғылыми жоба» - дін тақырыбында ғылыми жоба дайындап, презентация 

     жасап, қорғау;

2).Екінші тур «Таным» - теориялық білімге тесттік тапсырмалар;

3).Үшінші тур «Шығарма» - жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша).

           

Республикалық олимпиаданың өту тәртібі және сайысты бағалау өлшемдері  олимпиада ережесінде жазылған.

            Республикалық олимпиаданың қазылар алқасы мәреге жету кезеңінің нәтижелерін шығарған кезде жеке және командалық сынақ жеңімпаздарын айқындайды. Жеке сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған қатысушы жеңімпаз саналады. Командалық сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған команда жеңімпаз саналады.

Қазылар алқасының құрамы Ахмет Ясауи универитеті дінтану кафедрасының оқытушыларынан және ЖОО командаларының жетекшілерінен құралады.

 

Республикалық олимпиада ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі

           

ЖОО командасын тіркеуге келесі құжаттар тапсырылады:

 

1. Ахмет Ясауи университетінің президенті профессор У.С.Әбдібековтың атына қатынас хат

2. Қатысушының сауалнамасы (аты-жөні, мамандығы, курсы, оқитын тілі);

3. Команда жетекшісінің сауалнамасы (оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі).              

 

 

           Құжаттар 2016  жылдың 18-наурызына дейін мына мекен жайға тапсырылады:

 

161200, ОҚО, Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29,№ 1 оқу ғимараты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасы.

            Тел/факс: 8 (72533) 6-36-36; Ұялы тел:  8702 9960383; Эл.пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.        

                

            Республикалық олимпиаданың жұмыс күндері 30-31 наурыз 2016 жыл (қатысушылар алдын-ала қайту билетін алып қоюға тиісті).

            Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушылар ұйымдастыру комиссиясына 2016 жылдың 18 наурызына дейін келетін күнін, сағатын, поездың немесе автобустың рейсі жөнінде мәлімет беруге тиісті.

Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушы команданың әрбір мүшесінің өзінде жеке куәлігі және сынақ кітапшасы (түпнұсқа) болуы қажет.

            Іс-сапар шығындары (жолақы және қонақ үйде тұру) іс-сапарға жіберген оқу орны есебінен.

 

 

 

 

 

Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру комиссиясы

                                                                                                                                                                                                                                                                

                                                                                                                                                                 

 

 

 

 

Ахмет Ясауи университетінің президенті, профессорУ.С. Абдибековке

                                                                            

 

___________________________________________________командасын

(ЖОО атауы )

 

VІІІ Республикалық студенттік дінтану және теология пән олимпиадасына төмендегі құрамда қатыстыруды сұраймын :

 

Жетекші________________________________________________________________

                          ( жетекші  аты – жөні, ғылыми дәрежесі,атағы,қызметі )                       

 

1.Қатысушы____________________________________________________________

(қатысушы аты – жөні, мамандығы,курсы )

 

2.Қатысушы____________________________________________________________

(қатысушы аты – жөні, мамандығы,курсы )

 

3.Қатысушы____________________________________________________________

(қатысушы аты – жөні, мамандығы,курсы )

 

Оқу орны басшысы_________         ____________________

                                        (қолы)                          (аты – жөні)

                                     

 

                                  

VІІІ Республикалық студенттік дінтану пән олимпиадасына қатысушының

 

 

АНКЕТАСЫ

 

ЖОО ________________________________________________________________________                                         

Аты-жөні ___________________________________________________________________                                                                                           

 

Мамандығы, курсы__________________________________________________________

Оқу тілі ______________________________________________________________________

Мекен жайы _________________________________________________________________

телефон ______________________________________________________________________                                     

 

Е-mail ______________________________________________________________________ 

 

 

 

VІІІ Республикалық студенттік дінтану олимпиадасына қатысушы команда жетекшісінің

 

АНКЕТАСЫ

 

ЖОО________________________________________________________________________                                         

Аты-жөні ___________________________________________________________________                                                                                          

 

Ғылыми дәрежесі, атағы _____________________________________________________

 

Қызметі _____________________________________________________________________

Мекен жайы __________________________________________________________________

 

телефон______________________________________________________________________                                     

 

Е-mail_______________________________________________________________________