Эндокрин саласындағы ынтымақтастық және медицинадағы өзекті мәселелері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ  МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Медицина факультеті Жалпы хирургия кафедрасы, Медициналық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен 2016 жылы мамыр айының 29-31 жұлдыздарындаҚазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 25 жылдығына, ЮНЕСКО 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялануы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 25 жылдығына және хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессоры, Ресей Жаратылыстану ғылымдарының академигі Ш.М.Сейдиновтың 63 жылдық мерей тойына орай «Эндокрин саласындағы ынтымақтастық және  медицинадағы өзекті мәселелері»атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізіледі.

Конференцияға Түркия мемлекетінен арнайы қонақтар мен баяндамашылар қатысады деп жоспарланып отыр.

     Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

·        Хирургия

·        Эндокринология

·        Патоморфология

·        Терапия

·        Жүрек өкпе реанимациясы

·        Кардиология

·        Травматология

·        Неврология

·        Педиатрия

·        Медицналық білім берудегі инновациялық технологиялар

 

Баяндама мәтініне қойылатын талаптары:

            Баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сай рәсімделуі қажет:

1.      Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.

2.      Жоғары шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы -1,5 см, сол жағы – 3 см.

3.      Шрифт: Times New Roman, кегль – 12. Қатараралық интервал – бірлік.

4.      Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.

5.      Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі Мысалы: [7,3б.].

6.      Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі міндетті.

7.      Баяндамалар қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілінде қабылданады. Түрік, ағылшын тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме беру міндетті.

8.      Көрсетілген мерзімнен кейін немесе талаптарға сай емес материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Файл атауында автор аты-жөні және қала аты көрсетілуі тиіс.

 

 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысуға өтінім

 

1

Аты-жөні (толық)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми лауазымы

 

3

Қызмет орны, лауызымы

 

4

Мақала атауы

 

5

Пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail

 

6

Секция нөмірі және атауы

 

7

Баяндама материалдарын көрсету үшін қажетті техникалық құралдар

 

         

Алғашқы күндері Түркия мемлекетінен келетін профессор дәрігер мамандар, қатысуымен  эндокринологиялық хирургия саласында шеберлік сағаттар өткізіледі. Конференция материалдарының жинағы электронды нұсқада (PDF форматында) таратылады.

Баяндама мәтіндері және тіркеу құжатын ұсыну мерзімі 2016 жылдың сәуір айының 20 жұлдызына дейін қабылданады. Ұйымдық жарнасы- 3000 теңге баспа шығындарына және тезис жинағы журналына жұмсалатын. Конференция материалдар жинағының бір данасы қатысушыға беріледі.

Конференцияға қатысушылар үшін төлену соммасы 8000 тенге, оның құрамында: сертификат (24 сағат көлемінде), қатысу сөмкесі, мақалалар жинағы басылған компакт-дискі, концерттік бағдарлама, Арыстанбаб және Түркістан кесенесіне зиярет ету және Гала кеші қарастырылған. Ал іс-сапар шығыны, қонақ үй өз есебінен.

Конференцияға тіркелу жайлы толық мәліметтерді сайтынан біле аласыздар.

Ұйымдық жарнаны төлегені жөніндегі құжат, түбіртегін электронды почта сканерлеп жіберу керек. Мына есепшотқа аударылып, конференция тақырыбын көрсету керек:

РНН 582000019149 ИИК KZ436010291000010707 БИК HSBKKZKX АО Народный Банк Казахстан Кбе 16, БИН  990440008043

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Медициналық ғылыми-зерттеу институты, Медицина факультетінің «Жалпы хирургия» кафедрасы, Үздіксіз білім беру институты.

Байланыс тел: 8 (72533) 6 35 11; сот: 87015507647; 87763091920; 87019737324; У.Жұмабаев, Ү.Байзақ, Б.Дуйсембаева. Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

 

 

Ұйымдастыру комитеті