QS агенттігі зерттеу бөлімінің менеджері Барбель Экельман 14-15 сәуір күндері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде семинар-тренинг өткізді. Сапардың негізгі мақсаты университетіміздің халықаралық рейтингтегі орнын анықтап, баға беріп және өз ұсыныстарын білдіру.
QS агенттігінің менеджеріБарбель ханым университет ректоры У.Әбдібековпен кездесіп, университеттің негізгі QS рейтингіне қойылатын мақсаттарын таныстырып өтті. Университет корпустарын және клиника-диагностикалық орталықты аралады.
Екі күнге созылған семинарда QS рейтинг агенттігі туралы мол мәлімет берілді. Сонымен қатар Халықаралық университеттердің Рейтинг көрсеткіштері айтылды. Рейтинг жүргізу процесінің методологияларын түсіндірді және біздің университетіміздің әлем университеттер арасында танылуы талқыланды. Семинар барысында оқытушы-профессорлар қауымы университеттің академиялық репутацияға қатысты қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Менеджер Барбель Экельман университетіміздің ботаникалық бауына гүл отырғызып, университеттің жетістіктеріне көңілі толып, үлкен әсермен қайтты.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |