16-сәуір күні Филология факультеті «Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен факультетаралық дәстүрлі ән, терме байқауы өтті. Бұл игі іс-шара жолдаудың «Мәңгілік ел» бағдарламасындағы ұлттық құндылықтарымыздың бір парасы – дәстүрлі әндеріміз бен термелерімізді кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Осылайша «Бабалар сөзі» 100 томдығына енген ұлттық құндылықтарымыздың бірі – халықтық өнеріміз дәстүрлі ән мектептері мен термелеріміздің ерекшелігі жаңғыртылып, ұрпаққа насихатталды.
Байқауды Филология факультетінің деканы, профессор Р.Тәукебаева мен ҚР халық әртісі, «Дәстүрлі өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Бекбосын ашып, игі тілектерін білдірді. «Ағаш аяқ», «Жиырма бес» әндерін орындап, төрелік етуге әділ-қазы алқасына қосылды.
Екі кезеңнен өткен байқауға жалпы 9 студент қатысты. Байқауға қатысушылар дәстүрлі әндер мен халық композиторларының әндерін, терме немесе толғау жанрында әндер шырқады. Нәтижесінде бас жүлдені 15 мың теңге ақшалай сыйлықпен Спорт және өнер факультетінен Т.Жайылхан, 1-орынды 10 мың теңге ақшалай сыйлықпен Кентау дайындық бөлімінен Ұ.Сенбәлі, 2-орынды 8 мың теңге ақшалай сыйлықпен Спорт және өнер факультетінен А.Мұсабекова, Кентау дайындық бөлімінен Е.Құрметжан, 3-орынды 5 мың теңге ақшалай сыйлықпен Заң факультетінен Ш.Жұмаділла, Филология факультетінен Қ.Әлду иеленді. Өнер дәріптеліп, ешкім құр қол кетпеді. Қосымша ынталандыру, аталымдар бойынша марапаттау берілді. Қ.Бекбосын атындағы аталыммен 3 мың теңге ақшалай сыйлықпен Кентау дайындық бөлімінен Т.Қайрат, Майлықожа атындағы аталыммен 3 мың теңге ақшалай сыйлықпен Спорт және өнер факультетінен Т.Таубай марапатталды. Ынталандыру 6 мың теңге ақшалай сыйлығы Спорт және өнерден М.Атажановқа берілді.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |