Халықаралық түркі әлемінің музыка мәдениеті конференциясы

22-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің музыка мәдениетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар» атты Халықаралық түркі әлемінің музыка мәдениетіне арналған конференция өтті.

Бұл конференция 1994 жылдан кейін бүкіл түркі халықтарының арасында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарапынан Қазақстанда алғаш рет өткізілді.

Конференцияның ашылу салтанатында университеттің Өкілетті Кеңес төрағасы Осман Хората, университет президенті, профессор У.Әбдібеков пен I вице-президент М.Йылдыз құттықтау сөздері мен игі тілектерін білдірді.

Конференция тұсауын қазақ халық әндерімен шашу шашқан  ҚР халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосыновқа, «Актерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Сауранбек Елеуовке Өкілетті Кеңес төрағасы Осман Хората халық өнеріне сіңірген еңбектері үшін сертификат табыстады.         

Бұл конференцияға Түрік академиясынан бастап шет елдердің, Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының ортақ музыка тарихын, мәдениетін зерттейтін өкілдері қатысты.

Германия, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан, Ресей және Түркияның Түркі әлемінің музыка мәдениеті саласындағы ең танымал тұлғалары қатысқан бұл конференцияда Түркі әлемінің музыка мәдениеті саласындағы теориялық әдіс-тәсілдер, проблемалар және түркі халықтарының музыкалық дәстүріндегі ортақ ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы мәселелер қарастырылды. Ғылыми баяндамалармен қатар, Түркі әлемінің музыка мәдениетінің саласына қатысты таңдаулы еңбектер таныстырылды. Атап айтсақ, Түркия «Ипек» университетінің профессоры Феза Тансуг «Евразиядағы түркі музыкасына жаңа көзқарас: түркі мәдениетінің музыкасын зерттеу» және «Сібірден Орта Азия далаларына және Орта Азиядан Анадолыға дейін; халық әні, салт-дәстүрлер, символдық және әуендік құрылымдар» атты ғылыми жұмысында, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі Саадат Шихиева «Классикалық түрік әдебиетіндегі музыкалық терминдер» (Несими өлеңдері негізінде) еңбегінде, Венгрия ғылым Академиясының профессоры Сипос Янос «Түркі әлемі халықтарының музыкасына жалпы көзқарас» атты баяндамасында тақырыпты жан-жақты ашып, өзектілігін дәйекті ой-пікірлерімен жеткізе алды.

Барлық түрік халықтарына ортақ музыка тақырыбында тағы басқа да көптеген күрделі еңбектер ортаға салынды. Мысалы, ХҚТУ профессоры Ф.Гүлай Мирзаоғлуның «Анадолыдан Орта Азияға дейін түркі әлемі халық әндерінде ортақ белгілер» атты баяндамасында: «Түрік әлеміндегі музыка мәдениетінің басты ұқсастығы мәдени мұраның ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілуінде. Халық әндерінде көп ғасырдың жыры жатыр» деп тақырып түйінін бір сөзбен аша білген.

 Конференция соңында Өкілетті Кеңес төрағасы Осман Хората мырза конференцияның сәтті өтуіне белсенді қызмет көрсетіп атсалысқандары үшін «Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушы-профессорларына  сондай-ақ, барлық қатысушы қонақтарға да алғыс хат, сертификат табыстады.

Конференцияның келесі күні арнайы экскурсия ұйымдастырылды.  Қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Орта Азияның ең ұзын өзені Сырдария жағасында серуендеді. Музыканың құдіреті біріктірген  конференция осымен шарықтау шегіне жетіп, барлығы ееркше көңіл-күймен, жақсы әсермен тарқасты.

 

PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
27 28 29 30 31 1
  • «ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ФИЛОЛОГИЯ ҚЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • Небраска, Линкольн университетінің профессоры ХҚТУ-да!
  • ҚАЙЫРЫМДЫ ФИЛОЛОГ ЖАСТАР
  • ХАБАРЛАНДЫРУ!
  • ТҮРКИЯНЫҢ«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»МЕРЕКЕЛЕНДІ
2
3 4
  • Профессор Томского государственного университета в МКТУ!
  • ХАЖЕТЕППЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ БІЗДЕ!
  • ГАЗИ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА!
  • ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ!
5 6
  • «Ең үздік мамандық – 2014» байқауы
  • Огайо профессоры сертификат табыстады
7
  • Журналист-ғалымның еңбегі жанды
  • Түркістанның Батырханы бас жүлдегер
8 9
10 11
  • «ӘҢГІМЕ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
  • ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ - ҰСТАЗЫ!
  • СЕНАТ ОТЫРЫСЫНАН
  • ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛАТЫН КЕҢЕС
  • Дабабрата Чоудхури мырзамен сұхбат
  • ПРОФЕССОРДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
  • МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
  • ПРОФЕССОР ДАБАБРАТА ЧОУДХУРИ СЕМИНАРЫ
12
  • ЮСУФ КОЛИАНГОМЕН СҰХБАТ
13 14
  • БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
15
  • Мәскеу профессорлары біздің университетте!
16
17
  • Белсенді жастар көшбасшы болуға лайық
  • МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ҮЗДІК НАСИХАТШЫ» ТҰЛҒАСЫН АНЫҚТАДЫ
  • Жаңа жолдау – қазақстанның экономикалық-саяси өміріне серпіліс береді – ильяс эрпай
  • Студенттер күні аталып өтті
  • «Шалқар» радиосы «рахманқұл бердібай және мәңгілік ел идеясы» конференциясы туралы хабарлады
  • ТҮРКІСТАНДА ҒАЛЫМ-ТҮРКОЛОГ РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ МҰРАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
  • «Р.БЕРДІБАЙ ОҚУЛАРЫ-1» KAZINFORM-ДА
  • «НҰРЛЫ ЖОЛ» - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕКЕМ БАҒЫТЫ!
18
  • ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ТҮРКИЯҒА ШАҚЫРЫЛДЫ
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • ХҚТУ жастары Жолдауды қолдауда
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау – ел дамуының бекем бағыты
19
  • ТІЛ БІЛГЕННІҢ ҰТАРЫ МОЛ
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30