Дипломмен ауылға – 2014

21-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға – 2014» бағдарламасы студенттерге кеңінен түсіндірілді. Осы мақсатта арнайы Республикалық «Кемел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы C.Акишева, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің консультанты М.Досжанова, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Айменов келді.

Облыс жастарының мемлекеттік қызметтегі үлес салмағын арттыру мақсатында 2013 жылғы 3-желтоқсанда “Жастарды мемлекеттік қызметке тарту туралы» жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевтің, ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік Кеңес басшысы Б.Бекжановтың және университет басшыларымен меморандум түзілген болатын.

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Дипломмен ауылға – 2014» бағдарламасы аталмыш меморандум аясында студент жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында өткізілді. Мамандардың айтқан әр сөзін студент жастар мұқият тыңдады. Бағдарлама аясында 5 мамандық, педагогтар, дәрігерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, мәдениет және спорт саласы бойынша, ветеринарлар ауылда қызмет ете алады. 1 реттік көтерме жәрдемақымен 70 АЕК (129 640 теңге) үй алуға немесе үй салуға 15 жылға 0,01 пайыздық сыйақы мөлшерімен бюджеттік несие 1500 АЕК (2 778000 теңге)

беріледі. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала қызметкерлеріне қызметтік жалақысына 25% үстемемен беріледі. «Дипломмен ауылға» жобасына қатыса алатындар: жаңадан диплом алған жоғары оқу орнының бітірушілері, ауылға жұмыс жасауға және тұруға келген еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мамандар.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ОҚО жастарын жұмыспен қамту жұмыстары бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Мысалы, 2010 жылы 568 маман жұмыспен қамтылса, 2011 жылы бұл көрсеткіш біршама артып, 623-ке жетті. Олар бүгінде білім беру, медицина, мәдениет саласында еңбек етуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы  2012 жылы  321 маман жұмысқа орналастырылып,  2013 жылы 816 жас маманға жолдама беріліп, оның ішінде 166-на тұрғын үй алу үшін несие берілді.

 

PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
27 28 29 30 31 1
  • «ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ФИЛОЛОГИЯ ҚЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • Небраска, Линкольн университетінің профессоры ХҚТУ-да!
  • ҚАЙЫРЫМДЫ ФИЛОЛОГ ЖАСТАР
  • ХАБАРЛАНДЫРУ!
  • ТҮРКИЯНЫҢ«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»МЕРЕКЕЛЕНДІ
2
3 4
  • Профессор Томского государственного университета в МКТУ!
  • ХАЖЕТЕППЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ БІЗДЕ!
  • ГАЗИ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА!
  • ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ!
5 6
  • «Ең үздік мамандық – 2014» байқауы
  • Огайо профессоры сертификат табыстады
7
  • Журналист-ғалымның еңбегі жанды
  • Түркістанның Батырханы бас жүлдегер
8 9
10 11
  • «ӘҢГІМЕ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
  • ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ - ҰСТАЗЫ!
  • СЕНАТ ОТЫРЫСЫНАН
  • ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛАТЫН КЕҢЕС
  • Дабабрата Чоудхури мырзамен сұхбат
  • ПРОФЕССОРДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
  • МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
  • ПРОФЕССОР ДАБАБРАТА ЧОУДХУРИ СЕМИНАРЫ
12
  • ЮСУФ КОЛИАНГОМЕН СҰХБАТ
13 14
  • БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
15
  • Мәскеу профессорлары біздің университетте!
16
17
  • Белсенді жастар көшбасшы болуға лайық
  • МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ҮЗДІК НАСИХАТШЫ» ТҰЛҒАСЫН АНЫҚТАДЫ
  • Жаңа жолдау – қазақстанның экономикалық-саяси өміріне серпіліс береді – ильяс эрпай
  • Студенттер күні аталып өтті
  • «Шалқар» радиосы «рахманқұл бердібай және мәңгілік ел идеясы» конференциясы туралы хабарлады
  • ТҮРКІСТАНДА ҒАЛЫМ-ТҮРКОЛОГ РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ МҰРАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
  • «Р.БЕРДІБАЙ ОҚУЛАРЫ-1» KAZINFORM-ДА
  • «НҰРЛЫ ЖОЛ» - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕКЕМ БАҒЫТЫ!
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30