«Шолпы сыңғыры» қыз сыны байқауы

24-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Шолпы» клубының және Әлеуметтік және мәдени істер департаментінің ұйымдастыруымен «Шолпы сыңғыры» атты  қыз сыны байқауы өтті.

Байқау мақсаты – халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ұлттық киім үлгілерін насихаттау, әр факультет арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

«Шолпы сыңғырында» шолпы таққан сегіз ару байқаудың 4 шарты бойынша бақ сынасып сайысты: 1. «Сәлем сөздің атасы» бейнероликпен таныстыру, 2. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету, 3. «Ұлттық дәстүрімізді сақтай білейік» ұмыт болып бара жатқансалт-дәстүрлерден көрініс көрсету. 4. Білім мен парасат таразыға түсетін «Кім ақылды?» салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты сұрақ-жауап сайысы.

Байқау барысында ақын Фариза Оңғарсынованың ақ батасымен құрылған  «Шолпы» клубының 10 жылдығына орай университеттегі ақын қыздар арасында өткізілген мүшәйраның қорытындысын жариялады. Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық Журналистика кафедрасының  3-курс студенті Мақпал Төребекке табысталды.

Сонымен «Шолпы сыңғыры» қызықты байқауы өз мәресіне жетті, жеңімпаз арулар анықталды: Бас жүлде иегері, «Жас толқын-2013» байқауының көркемсөз оқу шебері, Филология факультеті Журналистика кафедрасының студенті А.Айтмұханбетова, 1-орын Абай оқуларының жеңімпазы, жеңіл атлетикадан бірінші орын иегері Экономика факультетінің аруы А.Қалшабек, 2-орын Тарих-педагогика факультетінен Ә.Дархан, 3-орын Дайындық факультетінің аруы Ұ.Мақашева.    

Сондай-ақ, «Инабатты ару» аталымын Спорт және өнер факультетінің аруы Зара Абдуғафарқызы, «Шашбаулы ару» аталымын Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің аруы Б.Нұржігіт, «Қыз Жібек» аталымын Заң факультетінің аруы Г.Бабакулиева, «Сымбатты ару» аталымын Спорт және өнер факультетінің аруы А.Үйсілбекова иеленді.                                                                                           

 

PR медиа орталығы 

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
27 28 29 30 31 1
  • «ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ФИЛОЛОГИЯ ҚЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • Небраска, Линкольн университетінің профессоры ХҚТУ-да!
  • ҚАЙЫРЫМДЫ ФИЛОЛОГ ЖАСТАР
  • ХАБАРЛАНДЫРУ!
  • ТҮРКИЯНЫҢ«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»МЕРЕКЕЛЕНДІ
2
3 4
  • Профессор Томского государственного университета в МКТУ!
  • ХАЖЕТЕППЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ БІЗДЕ!
  • ГАЗИ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА!
  • ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ!
5 6
  • «Ең үздік мамандық – 2014» байқауы
  • Огайо профессоры сертификат табыстады
7
  • Журналист-ғалымның еңбегі жанды
  • Түркістанның Батырханы бас жүлдегер
8 9
10 11
  • «ӘҢГІМЕ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
  • ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ - ҰСТАЗЫ!
  • СЕНАТ ОТЫРЫСЫНАН
  • ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛАТЫН КЕҢЕС
  • Дабабрата Чоудхури мырзамен сұхбат
  • ПРОФЕССОРДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
  • МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
  • ПРОФЕССОР ДАБАБРАТА ЧОУДХУРИ СЕМИНАРЫ
12
  • ЮСУФ КОЛИАНГОМЕН СҰХБАТ
13 14
  • БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
15
  • Мәскеу профессорлары біздің университетте!
16
17
  • Белсенді жастар көшбасшы болуға лайық
  • МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ҮЗДІК НАСИХАТШЫ» ТҰЛҒАСЫН АНЫҚТАДЫ
  • Жаңа жолдау – қазақстанның экономикалық-саяси өміріне серпіліс береді – ильяс эрпай
  • Студенттер күні аталып өтті
  • «Шалқар» радиосы «рахманқұл бердібай және мәңгілік ел идеясы» конференциясы туралы хабарлады
  • ТҮРКІСТАНДА ҒАЛЫМ-ТҮРКОЛОГ РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ МҰРАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
  • «Р.БЕРДІБАЙ ОҚУЛАРЫ-1» KAZINFORM-ДА
  • «НҰРЛЫ ЖОЛ» - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕКЕМ БАҒЫТЫ!
18
  • ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ТҮРКИЯҒА ШАҚЫРЫЛДЫ
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • ХҚТУ жастары Жолдауды қолдауда
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау – ел дамуының бекем бағыты
19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30