26-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Осман Хората Кентау институтында болды. Ондағы мақсат күн сәулесі қуатымен жүретін көлікті мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жанға табыстау.
Іс-шарағакүн көзінен қуат алатын батареяның күшімен жүретін үш аяқты көлікті жасап шығарушы Сатылмыш Чайыр мырза да қатысты.
Осман Хората мырза Кентау қаласының тұрғыны, 1-топ мүгедектігі бар Бекмұратов Жәнібекке жүріп-тұру жағдайын жеңілдету үшін осы көлікті табыстап, мүмкіндігі шектеулі жанға мейірімдік танытты. Мұндай ізет-құрметке риза болған Ж.Бекмұратовтың анасы Ж.Толайнова университет басшылығына және өнертапқыш Сатылмыш Чайыр мырзаға шексіз алғысын білдірді.
Күн сәулесі қуатымен жүретін көлікке fotovaltaik батареялар орнатылып, күн сәулесі арқылы электр қуатын өндіреді. Күн сәулесінен өндірілген электр қуаты аккумуляторға жиналады. Жиналған электр қуаты көлікке орнатылатын қуат көліктегі бөлшектер арқылы дөңгелекке жіберіліп, көліктің қозғалысқа түсуін қамтамасыз етеді.
Іс-шара соңында Кентау институты директоры К.Беркімбаевтың ұйымдастыруымен дайындық орталығы студенттерінің концерттік бағдарламасы тамашаланып, Кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Кенжалиевтің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдар әзірленген мол дастарханнан дәм татылды.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |