29-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ҚР Парламент Сенатының халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Адырбек Икрам Адырбекұлы, комитет мүшелері Рахманбердиев Орынбай, Киинов Ляззат Кетебайұлы, ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков оқытушы-профессорлармен, студенттермен кездесті.
Қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының өндірістік зауыттарын, халықтың жағдайын өз көздерімен көруге және ОҚО «Ырыс алды – ынтымақ қоғамы» форумына қатысуға арнайы іс-сапармен келген.
Университет президенті, профессор У.Әбдібеков алғы сөзінде оқу ордамыздың жетістіктерін, соңғы жаңалықтарды айта өтті.
Парламент Сенатының халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, мүшелері Парламент жұмысының жүйесін түсіндіріп, оқытушы-профессорлар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында оқу ордамыздың ректоры У.Әбдібеков қонақтарға сый кәде жасап, естелікке сувенирлер табыс етті.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |