Университет күні мерекесі

30-сәуір күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  «Университет күні» мерекесі және алғашқы 1995-2000 жж. түлектердің салтанатты бас қосу кеші өтті. 1992 жылдың 30 сәуірінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевпен Түркия Республикасының сол кездегі премьер-министрі Сүлеймен Демирел университетті Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп құру идеясымен ресми сапармен келген болатын. «Университет туған күні» осы тарихи күнге негізделіп, ұлан-ғасыр тойға жалғасты.

Ең әуелі қонақтар, 500-ге жуық түлектер Қазыбек би  көшесіндегі алғашқы университет ректоратында  кездесіп, ғимараттарды аралады. Университеттің алғашқы ректоры Мұрат Жұрынов Қазыбек би спорт ғимаратында жабық бассейнді қызыл лентамен қиып ашты, барлығы ыстық лебіздерін жеткізді.

Мәдениет сарайында мерекенің ашылу салтанатын университет президенті, профессор У.Әбдібеков, университеттің 1991-2001жж. тұңғыш ректоры, ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынұлы, 2008-2013жж. университет президенті,ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, т.ғ.к., Лесбек Тәшімов, 1991-2000 жылдар аралығында ХҚТУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, «Этнофилология» ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарған ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметов жүрекжарды құттықтау сөздерімен ашып, тарихи сәттерден естеліктер айтты. Сондай-ақ, университеттің оқытушы-профессор құрамы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапаталды және мектеп бітірушілер арасындағы республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының ІІ кезең жеңімпаздары, 34 оқушы Түрік грантының иегерлері атанды.

Университет түлегі, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың домбырамен айтыс нақышында әуенмен жеткізген мерекеге арнауы ерекше болды.Бітіруші түлектер атынан Экономика факультетінің 1995 жылғы түлегі, ОҚО Қазығұрт ауданының әкімі Болатбек Қыстауов құттықтау сөзінде студенттік кездің ұмытылмас, қайталанбас күндерін еске алып, білім берген барлық ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

Барлық қонақтар, түлектер университет ғимараттарын аралады, түлектер аллеясының қазығын қағып ағаш отырғызды. «Студенттік тамақты» еске алу үшін Орталық асханаға барды.

Кештің көркіне шырай кіргізген тойдың қызған шағы Орталық Есім хан алаңында дүркіреді.  Университет күніне арналған басшылардың, түлектердің мерекелік құттықтаулары, гала концерт және университеттің кешкі мерекелік от-шашуы айналаны думанға толтырды. Айта өтсек,   Қазақстан Республикасы және Түркия Мемлекетінің ән ұрандарын, университетіміздің ән ұранын, «Түркістан» әнін 500 студенттен құралған хор ұжымы орындады. «Бисұлтан» би ансамблі түркі халықтарының достығын паш ететін, университеттің «төлқұжатына» айналған  «Достық» би  композициясын, ұлттық билерді орындады. Көгершіндер мен «Өркендей бер оқу ордам» атты жазумен шарлар  ұшырылды.

Университет өнерпаздарының «Ақ көгершін» әні,   «Актерлік өнер» кафедрасында аға оқытушы  қызметін атқарған п.ғ.к., қазір Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында қызмет істейтін әнші Анар Жұмаштың орындауында ән шашу, «Алдараспан» театрының ішінен құралған «Ай-хай» тобының, «Шаншар» театрының ішінен құралған «Х» тобының орындауындағы ән шашулар, ҚР Мәдениет қайраткері, «Шаншар» театрының көркемдік жетекшісі, университетіміздің түлегі Марат Оразымбетов және 500 студенттен құралған хор орындаған «Түркістаным тұраным» әні тойдың сәнін келтірді. 

Кеш соңында университет күніне риза болған бітіруші түлектер балғын шақтың таусылмас бал дәуренін  еске алу үшін курстастарымен, өз топтарымен бас қосу кешін ұйымдастырды.

Сондай-ақ, осы «университет күнінің» естелігі ретінде «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» деген атпен «Біздің түлек – біздің мақтанышымыз!» айдарында түлектер естелігі қамтылған журнал жарық көрді. Және «Ясауи университеті» газетінінің №8 (054) 30 сәуір күнгі саны тұтастай университет күніне арнап шығарылды.                      

 

                                                  PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Қараша 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
27 28 29 30 31 1
  • «ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ФИЛОЛОГИЯ ҚЫЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • Небраска, Линкольн университетінің профессоры ХҚТУ-да!
  • ҚАЙЫРЫМДЫ ФИЛОЛОГ ЖАСТАР
  • ХАБАРЛАНДЫРУ!
  • ТҮРКИЯНЫҢ«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»МЕРЕКЕЛЕНДІ
2
3 4
  • Профессор Томского государственного университета в МКТУ!
  • ХАЖЕТЕППЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ БІЗДЕ!
  • ГАЗИ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА!
  • ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ!
5 6
  • «Ең үздік мамандық – 2014» байқауы
  • Огайо профессоры сертификат табыстады
7
  • Журналист-ғалымның еңбегі жанды
  • Түркістанның Батырханы бас жүлдегер
8 9
10 11
  • «ӘҢГІМЕ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
  • ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ - ҰСТАЗЫ!
  • СЕНАТ ОТЫРЫСЫНАН
  • ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛАТЫН КЕҢЕС
  • Дабабрата Чоудхури мырзамен сұхбат
  • ПРОФЕССОРДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
  • МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
  • ПРОФЕССОР ДАБАБРАТА ЧОУДХУРИ СЕМИНАРЫ
12
  • ЮСУФ КОЛИАНГОМЕН СҰХБАТ
13 14
  • БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
15
  • Мәскеу профессорлары біздің университетте!
16
17
  • Белсенді жастар көшбасшы болуға лайық
  • МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ҮЗДІК НАСИХАТШЫ» ТҰЛҒАСЫН АНЫҚТАДЫ
  • Жаңа жолдау – қазақстанның экономикалық-саяси өміріне серпіліс береді – ильяс эрпай
  • Студенттер күні аталып өтті
  • «Шалқар» радиосы «рахманқұл бердібай және мәңгілік ел идеясы» конференциясы туралы хабарлады
  • ТҮРКІСТАНДА ҒАЛЫМ-ТҮРКОЛОГ РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ МҰРАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ.
  • «Р.БЕРДІБАЙ ОҚУЛАРЫ-1» KAZINFORM-ДА
  • «НҰРЛЫ ЖОЛ» - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕКЕМ БАҒЫТЫ!
18
  • ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ТҮРКИЯҒА ШАҚЫРЫЛДЫ
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • ХҚТУ жастары Жолдауды қолдауда
  • УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР!
  • «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау – ел дамуының бекем бағыты
19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30