4 мамыр күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Жастар ұйымы, Тұран жастар орталығының ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған түркі дүниесі «Достық спорт» апталығының қорытынды концерттік кеші өтті.
Кеш қонақтары Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбек, қалалық жастар орталығының маманы Қамбар Ералы, университет жастар ұйымының төрағасы Бағлан Ермаханов, Түрік тілі кафедрасының оқытушысы Гүлай Мырзаоғлу оқытушы-профессорларды, студенттерді мереке күнімен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, 22-26 сәуірде өткен түркі дүниесінің «Достық спорт» апталығында футбол, баскетбол, волейбол, шахмат спорттық ойын түрлерінен жүлделі орын алған командаларға қалалық Жастар ұйымының атынан диплом мен сыйлықтар берілді.
Сахна төрінде бір шаңырақ астында білім алып жатқан түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық ән мен билерінен шашу шашып, КВН командасы көңілды әзіл қалжыңдарымен, арнайы шақыртумен келген Кентау институты тыңдаушылары «Қара Жорға» биімен және дәстүрлі өлеңдерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Нұр Отан партиясы Түркістан қалалық филиалы Саяси кеңесінің бюросы атынан мәдени іс шарада қоғамдық жұмыстарда балсенді атсалысқан оқытушылар мен студенттер марапатталды.
Кеш соңында түркі дүниесінің жастарының «Тұран жастар орталығының» төрағалығына медицина факультетінің 4-ші курс студенті Нажимидинов Мирадил тағайындалды.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |