13-мамыр күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «Шалқар» радиосының бас редакторы, ақын С.Сейітман келіп, студенттермен кездесті. Басқосу Кәсіби бағдар және мансап орталығы тарапынан ұйымдастырылды.
Серік Сейітман – 2003 жылы университетіміздің “Филология» мамандығын бітірген түлегі. 2008 жылы ҚАЗҰУ-дің магистратурасын бітірген. Университетте оқып жүргенінде оқу орнының жанынан құрылған Саттар Ерубаев атындағы әдеби бірлестікті басқарған. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты. Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты. Халықаралық және республикалық жыр бәйгелерінің бірнеше рет жеңімпазы. 2003 жылы «Мен құпия бір жанмын», 2006 жылы «Қырсық қызға қолтаңба», 2010 жылы «Қазақтың қаны» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Университет түлегінің түлеп ұшқан қара шаңырақ оқу орнына келуі, ізбасар студенттерімен кездесу кеші өте өнегелі, қызықты өтті.
Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, т.ғ.д., профессор Т.Раимбердиев, Кәсіби бағдар және мансап орталығының басшысы М.Асанова, айтыскер ақын, «Өнер» мектебінің директоры Б.Шойбеков, Жастар ұйымының төрағасы Б.Ермаханов С.Сейітманға деген ыстық лебіздерін, құттықтауларын жеткізді.
Сондай-ақ, ақынға деген құрметтерін көрсету үшін Отырар ауылы С.Ерубаев мектебінің 5-7-ші сыныптың 4 оқушысы арнайы келіп, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушылардың шын жүрекпен оқығандарына риза болған ақын С.Сейітман оқушыларға осындай рухани дүниелерді бойына сіңірген С.Ерубаев мектебінің «Абайтану» пәнінің мұғалімі Бәйке Сәрсен-Бекке алғысын білдірді. Профессор Т.Раимбердиев бүлдіршіндердің талантына риза болып, Отырардың «Әл-Фарабилері» таусылмасын деген тілекпен әр оқушыға естелікке үш кітаптан сыйға берді.
Кеш соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ақын өлеңдерін оқып, қошеметтерін танытты.
PR медиа орталығы
Қараша 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6
|
7
|
8 | 9 |
10 |
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19
|
20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |