Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті У.С.Абдибековтің бастауымен вице-президенттер мен факультет декандары«Жоғары оқу орындары менеджерлерінің біліктілігін арттыру курсы.

Ұлыбритания тәжірибесі» атты Халықаралық семинарға қатысты. Семинар 2014 жылдың шілде айының 9-18 аралығында Ұлыбританияның Лондон – Оксфорд – Кембридж қалаларында өтті.

Бұл практикалық курс Global Conferences компаниясы және Ұлыбританияның білім саласындағы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы – Лондон университетінің білім институтының бірлесуімен әзірленді.

Курстың теориялық бөлігін Лондон университетінің білім институтында тәжірибелі мамандар мен жоғары білімді оқытушылар жүргізсе, ал практикалық бөлігі Ұлыбританияның басты білім ордалары саналатын Оксфорд университеті, Кембридж университеті, Брунель университеті, Биркбек университеттерінде өтті. Бұл семинардың мақсаты – білім саласындағы кәсіби қызметкердің теория жүзінде алған білімі мен дағдыларын практикамен ұштастыру, білім берудің жаңаша моделін қолдануға негіздеу. Сонымен қатар, курсқа қатысушылардың жеке және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатымен арнайы ұйымдастырылды.

Семинарға қатысқан барлық қатысушыларға Лондон университетінің білім институтында біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат берілді.

 

 

PR медиа орталығы 

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1