Болашаққа құтты қадам!

30-шы қыркүйек күні университетіміздің Гуманитарлық ғылымдар факультетінде кезекті студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Студенттерді білім даңғылына салтанатты түрде қабылдаған бұл кеш, университет Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Е.Төлегенов, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Қ.Базарбаев, Жастар комитетінің төрағасы Б.Ермахановтың құттықтау тілектерімен ашылды. Студенттерге оқуда табыс тілеп, әдеттегідей символикалық білім кілті мен сынақ кітапшасын табыстады. Декан Е.Төлегенов: «Білімді болыңыздар! Отанымызды сүйейік! Бар уақыттарыңызды кітапханада өткізіңіздер!» - деп, студенттерге ұстаздық кеңесін білдірді. Жастар комитетінің төрағасы Б.Ермаханов: «Болашақ бүгіннен басталады. Клубтарға, қоғамдық бірлестіктер құрамына шақырамын. Білім, ғылыммен қоса қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүріңіздер. Университетіміздің мерейі үстем, абыройы асқақ болсын!» деген ыстық лебіздерін жолдады.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

P.S.Факультетте жалпы студенттер құрамы – 232. Оның ішінде 85-грант иегерлері, шет елден келген грант иегерлері -16, квота негізінде -102, ақылы бөлімде- 120, Ал, 1-курсқа қабылданған студенттер саны 83. Оның 19-ы грант, 52-і  квота, 12-і келісім шарт негізінде білім алады.

 

 

PR медиа орталығы

Жаңалықтар мұрағаты

Қазан 2014
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6
  • ТүркПА мен Халықаралық қазақ­-түрік университеті түсіністік меморандумына қол қойды
  • "НАША ЦЕЛЬ – ГОТОВИТЬ СПЕЦИАЛИСТОВ МИРОВОГО УРОВНЯ"
  • ХҚТУ басшылары құрбандық шалды
  • СІЗДЕР ЖАҚҚАН БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫ МӘҢГІ СӨНБЕЙДІ...
  • АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ХҚТУ
  • ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2