2-қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бір топ белсенді студенттері Түркістан қаласындағы №2 Хамза мектебінде концерттік іс-шара өткізіп қайтты.
Жастар ұйымы мен Студенттік ректораттың белсенді, өнерпаз студенттері мен «Демеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бұл шара мақсаты мүгедек балаларды қолдау, демеу беру, көңілін көтеру болды. Шараның тақырыбы «Алтын күз» аталды. Аталмыш шара барысында ұйымдастырушылар мен көрермендер тарапынан жылы лебіздер айтылып, өнерпаз жастар әндерін шырқап, билерін биледі. Сауапты шараның жалғасы 17-қазан күні, қалалық Мәдениет үйінде өткізілетін болады.
PR медиа орталығы
Қазан 2014
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 30 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6
|
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 |