Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар ұйымы мен «Тұран» жастар орталығы үстіміздегі жылдың 12-желтоқсан күні сағат 16-00-де Мәдениет орталығының кіші залында Түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақыны барша адамзат баласына ортақ тұлға Мақтымқұлыны еске алуға арналған «Мақтымқұлы түрік халықтар әдебиетінің ұлы шайыры» атты ғылыми конференциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Конференцияда профессор Қ.Ергөбек, Астана қаласындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибрахим Иылдырым, доцент С.Әбушәріп, доктор Ердал Адай, ҚХР-нан келген филология факультетінің студенті Тұрдалы Алқар, Түркіменстаннан келген әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Овезов Вена ғылыми баяндама жасайды. Мақтымқұлының өлеңдері түркімен, қазақ, түрік тілдерінде оқылады.
Ұйымдастырушылар:
Жастар ұйымы және Тұран жастар орталығы
Ақпан 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 1 |
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7 | 8 |
9 |
10
|
11
|
12
|
13
|
14 |
15
|
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 1 |