УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

ЕРЖАҚЫПОВ МҰРАТБЕК.  2009 жылғы түлек.  Ақтөбе қалалық білім бөлімі «Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық» директорының орынбасары. 

МҰРАТБЕК САНАҚҰЛЫ:

«ТҮРКІСТАН – ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ОРДАСЫ»

-Мен оқыған жылдары жаңа бас ғимарат енді салынып жатқан болатын. Десек те, сол кездегі аумағы ат шаптырым болатын, студенттерге барлық жағдай жасалған, асханасының тамағы және жатақханасы арзан, техникалық, материалдық базасы дамыған қасиетті білім ордасына Қазақстандағы ешбір ЖОО сай келмейтін еді. Бұл оқу ордасының бір ерекшелігі сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің де қазақ жерінде оқып, білім алуы. Магистратурада бізге сабақ берген оқытушылар филология факультетіндегі Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Ергөбек, Н.Кенжеғараев, Ж.Камалова, Ә.Толысбаеваларға айтар алғысым шексіз. Мен сол кезде Орал қаласында тұрғандығымнан сессияға келіп кетіп жүріп оқыдым. Десем де, менің жағдайымды түсініп, білім берумен қатар кәсіби тұрғыда дамуыма осы ұстаздардың ерен еңбегі сіңді деп айта аламын. Менің ғылыми жетекшім, танымал сыншы-ғалым Құлбек Ергөбек болды. Ағайдың үйінен дәм татып, 2 жылдай баласындай боп араласып кеттім. Ағай маған ғылыми жетекші ғана емес, өмірдегі ұстазым да бола білді. Мен таныған ғалымдардың ішіндегі ең төзімді, кітапқа баласындай құрметпен қарайтын, үйінде 25 мыңнан асатын кітаптары бар, көненің көзін ерінбей-жалықпай жинайтын ағайымнан көп жақсылық көрдім. Ізгілікке, адамгершілікке үндейтін ғалым ағайымнан «әдебиет - ардың ісі» деп білетін сыншыдан өмірге сын көзбен қарауға үйрендім.

Студенттік жылдардағы қызықты оқиғаммен бөліскім келіп отыр. Филология факультетіндегі магистратурада 2 қыз, 2 жігіт болып оқыдық. Сабақтан соң группаластарым Мұсамахамбет, Малика, Қаракөзбен бірге киелі Түркістанды аралап, біраз қызықты сәттерді бастан өткердім. Олармен әлі күнге дейін хабарласып тұрамын. Магистратурада оқып жүргенімде осы оқу орнының танымал жастарының бірі, көшбасшысы Мырзахан Байболов және Димаш Келесбаев, Ғани Исаев, Нұрлан Ахметов сынды азаматтармен танысып, дос болып кеттім. Жас болса да бас бола білетін Мырзахан көптеген тәрбие шараларының басы-қасында жүріп, игі бастамаларды өткізуде үлкен басымдық танытып жүрді.

Құрметті, студент жастар!

Сіздер Түркі жұртының қасиетті қара шаңырағында, танымал ғалым Қожа Ахмет Ясауи атамыздың есімін иеленген, Түрік халықтарының достық университетінде білім алып жүрген білімге құштар шәкіртсіздер. Менің бір білгенім Ясауи атындағы ХҚТУ түлектерінің Қазақстанның басқа аймақтарындағы университет түлектерінен өзгешелігі ең алдымен имандылығы басым, тәрбиесі ерекше. Осы білім ордасынан Ислам құндылықтарын бойларына сіңірген, ұлттық ой-санасы жан-жақты жетілген, ұлт қамын ойлайтын танымы қалыптасқан жалынды жастар толқыны өсіп келеді. Студенттерге айтарым – қолда барда алтынның қадірін біліп, Халықаралық деңгейдегі бірден-бір іргелі жоғары оқу орны саналатын универді бағалаңыздар, қадірлеп, білім нәрін бойларыңызға сіңіріңіздер. Жетістікке жету жас кезде алған білім-білікке қатысты. Ал, бұл оқу орнында барлық жағдай жасалған. Өзге елдерге барып тәжірибе алмасу, шетел тілдерін меңгеру, сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінен достар табу, керемет студенттік шақты пайдалы өткізу.

Алдағы уақытта студент жастарыңыз білім мен ғылым биігінің шыңынан көрініп, университет мәртебесін асқақтата берсін!

 

Дайындаған:                          Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ,  Кәсіби бағдар бөлімі.

 

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
3
  • Конкурс жариялайды
  • Маңызы зор семинар
  • Университетіміз үздіктер қатарында
  • Сапалық көрсеткіштері басым түсті
  • Бастауыш партия ұйымы - облыс бойынша жеңімпаз!
4
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
  • 2015 жыл бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Халықаралық жобаларға конкурстар жариялануда
5
  • Студенттер арасында жүргізілген сауалнама
  • Бояуы нәрлі жас туындыгер
  • Тайқазан - игілікті істердің символы
  • Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер!
6
  • «Баспасөз клубы» өз жұмысын бастады
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛГЕН» Республикалық «Айқын» газеті.
7 8
9 10
  • Жаңа техника - еселі табыс кепілі
11
  • ХҚТУ жастары «G-Global – Expo – 2017» жобаларының қозғаушы күші
12
  • Өнегемен өрілген кездесу
  • Халықаралық қысқы мектеп жеңімпаздары
13
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • ХҚТУ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ!!
  • Университет туралы пікірлер!!
  • «G-GLOBAL» және «EXPO-2017» баламасыз жоба
14 15
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛІПТІ» Республикалық «Алтын орда» интернет газеті.
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1