УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

ИСМАХАНБЕТ НАЗЫМ.  2010 жылғы түлек. «ҚАЗАҚСТАН» РТРК, «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының редакторы.

НАЗЫМ ӘБДІМУТАЛИПҚЫЗЫ:

     «УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛГЕН ЖӨН!»

-Халықаралық қазақ-түрік университеті біз оқыған шақта жас оқу ордасы болғанымен, еліміздегі ең таңдаулы білім беру ошақтарының бірі болатын. Университетті құрған көптеген азаматтар Түркістанның кішкентай қала екеніне қарамастан Халықаралық стандартқа сай етіп қалыптастырғысы келді. Жыл өткен сайын ондағы мамандар мұны жүзеге асыруға белсене еңбек етуде. Бұл әрине бізді қуантады. Бүгінде тек еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүрген ХҚТУ түлектері осының басты айғағы деп санаймын.

Төрт жыл бойы студенттер қалашығы, кітапхана, Оқу ғимараттары және белсенділер ұйымдастыратын шараларға ғана баратынбыз. Бастан кешкен қызықты бір оқиғаны баяндап берейін. Төртінші курсты бітіріп, соңғы емтихан тапсырған күні кішігірім кафеге барып атап өткіміз келді. Жатақханаға бес кыз жиналдық, боянып дайындалып жатырмыз, дегенмен ешкімде ақша жоқ еді. Кеш болып қалған, қарнымыз да ашты. Бір кезде арамызда көбірек сөйлейтін Жанерке деген құрбымыз терезеден бір танысын көріп қалды да жүгірді, он минуттан соң келіп тұр, қолында екі мың теңге, жүзінде күлкі. Содан ол ақшаға бірінші Қытайдың лапшасын алып тойып алдық, тамаққа тапсырыс бермеу үшін. Сосын, кафеге барып қалғанына сусын, салат тапсырыс беріп әбден билеп қайттық. Әбден қыдыруды сағынған болуымыз керек, соңғы екі мың теңгемізге дейін қыдырдық, оның өзі қарызға алынған))).

Қайран, уайымсыз студенттік шақ! Осы әңгімеден-ақ ұққан боларсыздар,Түркістан нағыз студенттік өмірді  бастан кешуге болатын қала. Қыдырар орын аз, яғни, оқу оқисың. Әрі арзаншылық.

Студент жастарға уақытты тиімді пайдаланыңыздар деп айтқым келеді.

Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым, Бекжігіт Сердәлі, Сейдолла Садық, Асқат Сәдібеков, Нұралы ағай, Сақыбжамал Мұзаффарова, Әтіргүл Тәшімоваларға шексіз алғысымды білдіремін.

 

Дайындаған:         Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ, Кәсіби бағдар бөлімі.

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
3
  • Конкурс жариялайды
  • Маңызы зор семинар
  • Университетіміз үздіктер қатарында
  • Сапалық көрсеткіштері басым түсті
  • Бастауыш партия ұйымы - облыс бойынша жеңімпаз!
4
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
  • 2015 жыл бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Халықаралық жобаларға конкурстар жариялануда
5
  • Студенттер арасында жүргізілген сауалнама
  • Бояуы нәрлі жас туындыгер
  • Тайқазан - игілікті істердің символы
  • Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер!
6
  • «Баспасөз клубы» өз жұмысын бастады
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛГЕН» Республикалық «Айқын» газеті.
7 8
9 10
  • Жаңа техника - еселі табыс кепілі
11
  • ХҚТУ жастары «G-Global – Expo – 2017» жобаларының қозғаушы күші
12
  • Өнегемен өрілген кездесу
  • Халықаралық қысқы мектеп жеңімпаздары
13
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • ХҚТУ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ!!
  • Университет туралы пікірлер!!
  • «G-GLOBAL» және «EXPO-2017» баламасыз жоба
14 15
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛІПТІ» Республикалық «Алтын орда» интернет газеті.
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1