Бүгін 10-желтоқсан күні университетіміздің мәдениет орталығының үлкен залында Студенттердің дәстүрлі XХІIІ ғылыми-теориялық конференциясының жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараның ашылу сөзіне конференцияның сараптау комиссиясы төрағасының орынбасары, м.ғ.д., профессор Ш.Сейдинов шақырылды. Профессор Ш.Сейдинов комиссияның сараптау нәтижесін баяндап, студенттердің ғылым жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі. Жылдағыдай бұл жылғы жұмыстардың арасында болашағынан үміт күттірер көптеген жастардың бар екендігін тілге тиек етті.
Мұнан әрі, кезек ғылыми еңбектері жүлделі орынға ие болған студенттерді дипломмен марапаттау рәсіміне берілді. Дипломдарды университетіміздің I вице-президенті, професор М.Куталмыш, вице-президент, профессор Б.Мұхамеджанов табыстап, жас ғалымдарға үлкен сәттіліктер тіледі.
Жас толқын студенттердің ғылым жолындағы тырнақалды жұмыстарына арналған бұл конференция республикамыздың барлық ЖОО-да өтетін ғылыми шара. Осы жылы, яғни 2014-2015 оқу жылында Студенттердің XХІIІ ғылыми-теориялық конференция бағдарламасына сәйкес 20 секция жұмыс жасады. Бұл секцияларда 1014 студенттің баяндамалары тыңдалды.
Секциялар ғылыми жұмыстардың ішінен жақсы дайындалғандарын, арнайы бұйрықпен құрылған сараптау комиссиясының талдауына ұсынды. Жұмыстарды сараптаған комиссия шешімі негізінде: І-дәрежелі дипломға – 19 студенттің, ІІ-дәрежелі дипломға – 33 жұмысты, ІІІ-дәрежелі дипломға – 46 студенттің жұмысын лайық деп таныды.
Оқу ордамыздың сараптауына өткен жүлделі жұмыстар енді, екінші кезең – базалық ЖОО-лар (ОМК)-ға жіберіледі. Биыл бұл ғылым бәйгесіне универсиететімізден 200-ге жуық жұмыс ұсынылатын болды.
Салтанатты жиын соңы университет өнерпаздарының концертіне ұласты.
PRмедиа орталығы.
Ақпан 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 1 |
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7 | 8 |
9 |
10
|
11
|
12
|
13
|
14 |
15
|
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 1 |