9-қараша күні университет мәдениет орталығында «Түрік тілі» кафедрасы және «Түрік тілі» клубының ұйымдастыруымен семинар өтті.
Семинарға университет оқытушы-профессорлары мен студенттер қатысты. Семинар түркі дүниесінің бетке тұтар жазушысы, саясаткері, «Түркістан Ұлттық Одағын» қалаушы, Башқұрт қайраткеріАхметЗаки Валидидің өміріне арналған деректі фильммен ашылды.
Мұнан соң Түркия республикасы, Еге университетінен екі апталық дәріс жүргізуге келген профессор Гюрер Гюльсевиннің «Ортақ тіл» атты баяндамасына жалғасты. Профессор филология факултеті, Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының бакалавр, магистранттарына екі апталық дәріс беруге келген. Ол, тілдің шығу тегі, түркі тілдердің ұқсастықтары, түркі халықтарына ортақ сөздер туралы айта келе «түркі халықтарының тілдері өзгермеуі қажет, өйткені әр ұлт, өз ана тілімен басқа ұлттардан ерекшеленеді. Сонысымен ел, ұлт болып отыр» деп ойын білдірді.
Іс шара соңында тіл мамандары мен студенттер сұрақ қойып, ұсыныстарды ортаға салды.
PR медиа орталығы.
Ақпан 2015
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 1 |
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7 | 8 |
9 |
10
|
11
|
12
|
13
|
14 |
15
|
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 1 |