УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

CҮЛЕЙМЕНОВА ЛАУРА.  2007 жылғы түлек.  «GLM-Group» ЖШС-нің директоры. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2007 жылы «Филология» факультетін бакалавр академиялық дәрежесі бойынша, 2009 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны үздік тәмамдаған.

ЛАУРА СЕРІКЖАНҚЫЗЫ:

       ПРЕЗИДЕНТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ИЕЛЕНДІМ!

 -Студенттік жылдарым қызықты және мәнді де мағыналы өтті. Біріншіден, жақсы білім алып, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгеріп шықтым. Ол менің сүйікті оқытушыларымның арқасында деп білемін. Екіншіден, белсенді студент болдым, студенттік декан, жастар ұйымының төрайымы деген қызметтерге дейін қол жеткізіп (күліп) Президенттік стипендия алдым. 2004 жылы студент үшін 18500 теңге көөөөөөөөп ақша болатын. Ол стипендияны жақсы оқыған, белсенді, олимпиадалардан жүлделі орын алған студенттерге ғана  беретін. Біздің оқу ордамыздың студенттеріне басшылық тарапынан әрдайым қолдау көрсететін. С.Ж.Пірәлиев, Ж.Т.Айменов, Т.П.Райымбердиев, К.Жетибаев, Н.Батырбаев, Р.Байғарақызы, Ж.Мейірбекова және барлық сабақ берген апай, ағайларыма үлкен алғысымды білдіремін. Белсенді болу бір бөлек, ал, білімді студент болсаң ол өмірлік азық болады екен. Университетімізден алған біліммен Қазақстан Студенттер Альянсының Республикалық көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Гонконгтағы бас консулдығында жұмыс істедім, қазір құрылыс саласында жұмыс жасаудамын, баспалдақ оқу ордамнан басталды, аяқ алысым жаман емес деп ойлаймын. Кешегі университетім мақтанарлықтай түлектерді шығарды, бүгінде жаңа технологиялармен толығып жатқан оқу ордам біліммен біліктілікті бірге алып жүр, ал, болашақта тек биік белестерден көрінетініне кәміл сенемін. Ең бастысы ол өмірімдегі жақын адамымды ХҚТУ-де кезіктірдім. АЛЛАҒА мың да бір шүкіршілік етемін. Ғани екеуміз бір факультетте оқыдық. Ол журналистика, мен тілдер мамандығында оқыдық. Екі ұлымыз бар, басты біздің жетістігіміз, ол біздің – Отбасымыз. Бірге оқыған достарымызды да айтып кету керек, өте жақсы достарды студенттік шақта таптық. Саян Шылмамбетов, Ролан Әлібекұлы, Алмас Ерназаров, Серік Жүнісбеков, Абзал Қанбаев, Ербол Сәбитұлы, Н.Батырбаев.  Университетімізден жақсы маман, үлгілі отбасы шығып жатса тек қуану керек. Қызықты оқиғалар көп болатын соның бірі, Алматы қаласына Республикалық пікір сайысқа барғанбыз, 4 курс студентіміз, үшінші жүлделі орынды алып (орыс лигасы) қуанғанымыздан Алматыда адасып поезға кешігіп қалдық. Сонымен не керек автобуспен қайтуға тура келді. Түркістан қаласына баратын автобусқа отырдық, ол автобусымыз Қордайдан өте келе бұзылып, бізді басқа автобусқа отырғызып жіберді, ал, ол автобустың іші лық толы, орын жоқ, не керек, Қордайдан Түркістанға дейін тұрып келдік))). Тағы бір оқиға еріксіз еске түсіп отыр, 1 курста жаңадан келген студентпіз, ешкімді танымаймыз лекция болып отырған. Вице-президент Талжан Пердешұлы барлық аудиторияларды аралап жүрген. Талжан ағай бізге де кіріп келді, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдестік, ағай: «Жағдайларың жақсы ма, жатақханаға аман-есен орналастыңдар ма?»  дегені сол еді бір қыз орнынан атып тұрып:  «Мен жатақханада 3 қабатта тұрамын, мені 1 қабатқа ауыстырыңызшы»  деді, ағай енді жауап берейін деп жатқанда сол әлгі қыз сөзін жалғастырды, кеше Вице-президент Райымбердиевке кірген едім, ол ештеңе істей алмаймын деді, ең болмаса Сіз ауыстырып беріңізші деді. Талжан ағай күліп жіберіп, айналайын мен ғой Райымбердиев деген деді. Барлық поток болып тоқтамай күлгеніміз бар)).

Студент жастарға айтарым, уақытты тиімді пайдаланып, шет тілдерін үйренуге көңіл бөліңіздер. Еліміздің болашағы - сіздердің қолдарыңызда!

 

Дайындаған:

Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ, Кәсіби бағдар бөлімі.                                                                                                                                                                                      

 

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
3
  • Конкурс жариялайды
  • Маңызы зор семинар
  • Университетіміз үздіктер қатарында
  • Сапалық көрсеткіштері басым түсті
  • Бастауыш партия ұйымы - облыс бойынша жеңімпаз!
4
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
  • 2015 жыл бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Халықаралық жобаларға конкурстар жариялануда
5
  • Студенттер арасында жүргізілген сауалнама
  • Бояуы нәрлі жас туындыгер
  • Тайқазан - игілікті істердің символы
  • Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер!
6
  • «Баспасөз клубы» өз жұмысын бастады
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛГЕН» Республикалық «Айқын» газеті.
7 8
9 10
  • Жаңа техника - еселі табыс кепілі
11
  • ХҚТУ жастары «G-Global – Expo – 2017» жобаларының қозғаушы күші
12
  • Өнегемен өрілген кездесу
  • Халықаралық қысқы мектеп жеңімпаздары
13
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • ХҚТУ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ!!
  • Университет туралы пікірлер!!
  • «G-GLOBAL» және «EXPO-2017» баламасыз жоба
14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1