МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН ҰЛЫ МЕРЕКЕ!

Бүгін12-желтоқсан күні ХҚТУ Мәдениет орталығында Әлеуметтік және мәдени істер департаментінің, Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынның ашылуында еліміздің көк байрағы тұғырына орнатылды! «Бірлігіміз жарасқан Егемен Қазақстан» атты тәуелсіздікке қол жеткізу, дамыған еліміз жайында патриоттық бейнефильм көрсетілді. Сахналық көріністердің шоқтығы биік көрсетілімі «Алтын адамның» шығуы ерекше әсер берді.

РһD доктор, проф.м.а. Базарбаев Қанат Қалдыбекұлы «Тарих тағылымы тәуелсіздік!» тақырыбында баяндама оқыды.  Кеш шымылдығын студенттерден құралған хор, жанды дауыста Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының әнұранымен ашты.

ХҚТУ президенті, профессор  У.Әбдібеков, І-вице президент, профессор М.Куталмыш жүрекжарды құттықтау тілектерін жеткізді. Құрметті ректорымыз: «Бүгінгі мереке және Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі құтты болсын! Ғылыми зерттеулерге, тіл ғылымына сүйеніп, он мың жылдық тарихымыз бар деп айта аламыз. Себебі, он мың жыл  бұрын жоғалып кеткен «мамонт» деген жануарды ата-бабаларымыз «зіл» деп атаған»-деп, қазақ халқының ұлылығын, даналығын, ұрпақ тазалығын паш ететін жігерлі сөздерін жақсы мысалдармен жеткізіп, қалың жұрттың қуанышына тағы да леп берді.

Сондай-ақ, басшылар оқу ордамыздың дамуына өз үлесін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген 80-ге жуық оқытушы-профессорларды, қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ университет ректоры мерекелік сыйақы берілетінін хабарлап ұжымды, марапат алушыларды қуантты.

Үлкенге ізет дегендей, кеш қонақтары, республикалық «Мерейлі отбасы-2014» байқауының жеңімпаздары, Түркістан қаласының құрметті азаматы, ақын-жазушы Елтай Бимағамбетов атамыз бен Елена Төлеуқызы әжемізге сый-құрмет көрсетіп, шапан жауып, бағалы сыйлық табыстады.  Қария толқып, ризашылығын білдіріп, жыр шумақтан шашу шашты, ақ батасын берді.

Салтанатты мереке концерттік бағдарламаға ұласты. «Ынтымақ» биі, Хами Өзтүріктіңорындауындағытүрік әні «Olmuyor», Нагимбаев Тілек, Абилханова Айжанның «Призрак оперы» әні, «Наз» сән театрының киім үлгісі, Табиғат Қайратұлы мен Исаев Сержан орындауындағы «Ерке сылқым» күйі, барлық өнерпаздардың «Қазақтай ел қайда» әні көрермендер көңіліне мерекелік серпіліс сыйлады.

 

(Суретті түсірген «Қазақ филологиясы» кафедрасының фотолаборатория меңгерушісі – Ә.Оспанов).

 

PR медиа орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Ақпан 2015
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
3
  • Конкурс жариялайды
  • Маңызы зор семинар
  • Университетіміз үздіктер қатарында
  • Сапалық көрсеткіштері басым түсті
  • Бастауыш партия ұйымы - облыс бойынша жеңімпаз!
4
  • Құрметті оқытушылар мен студенттер!
  • 2015 жыл бойынша ғылыми зерттеулерге арналған Халықаралық жобаларға конкурстар жариялануда
5
  • Студенттер арасында жүргізілген сауалнама
  • Бояуы нәрлі жас туындыгер
  • Тайқазан - игілікті істердің символы
  • Құрметті оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер!
6
  • «Баспасөз клубы» өз жұмысын бастады
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛГЕН» Республикалық «Айқын» газеті.
7 8
9 10
  • Жаңа техника - еселі табыс кепілі
11
  • ХҚТУ жастары «G-Global – Expo – 2017» жобаларының қозғаушы күші
12
  • Өнегемен өрілген кездесу
  • Халықаралық қысқы мектеп жеңімпаздары
13
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • Университет туралы пікірлер!
  • ХҚТУ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ!!
  • Университет туралы пікірлер!!
  • «G-GLOBAL» және «EXPO-2017» баламасыз жоба
14 15
  • У.С.Әбдібеков, профессор: «БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 65 МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН КЕЛІПТІ» Республикалық «Алтын орда» интернет газеті.
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1