Еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті әріптестер!

Қымбатты студент-жастар!

 

Баршаңызды Ұлы даланың – Ұлы мерекесі «16-желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - Республикамыздың әрбір азаматы үшін қастерлі! Себебі бабаларымыз аңсаған азаттық таңы атқан, шуақты күн. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 24 жыл толып отыр.

Осынау жылдар бедерінде Қазақстан халқы алмағайып өтпелі кезеңнен өтіп, бүгінде әлемдік аренаға көтерілді. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.Еліміздің бүгінгі қол жеткізген әлем алдындағы бедел мен абырой Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясаттың нәтижесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында Қазақстанның Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша әлемде 42-ші орынға ие болғанын және бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде 41-ші позицияны иеленгенін хабарлады.

Мұның барлығы да тәптіштеліп тыңғылықты әзірленген реформалардың ел игілігіне қызмет етіп жатқандығының айғағы. Бүгінгі Қазақстан әлем таныған беделді һәм  белгілі мемлекет. Бұл жетістіктер әрбір Қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш сезімін ұялатады.

Үстіміздегі жылды Елбасымыз «Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы» деп атауы қазақ тарихы үшін үлкен серпіліс берді. Осынау шара аясында еліміздің мәртебесі өсе түсті. Нәтижесінде отанымыздың тарихы беті әлі ашыла қоймаған жауһарлармен толықты. Бұл мемлекетіміздің 24 жылдық тарихына қосылар үлкен қазына деп білеміз.

Құрметті Қазақстандықтар, әріптестер және шәкірттер! Егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық, мол жақсылық тілеймін!

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

 

 

Құрметпен;

У.С.Әбдібеков,

 университет президенті,

профессор. 

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31