24-желтоқсан күні «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» ғылыми семинарының (жетекшісі Жаратылыстану ҒЗИ директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Ғ.Б.Баканов) кезекті мәжілісі өтті.
Семинарда техника ғылымдарының докторы А.М.Марасулов «Құбырдың қисық сызықты бөлігінің өзіндік тербелісін зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.
Жаратылыстану ғылымдарының өзекті тақырыбы қаузалған семинарға университетіміздің магистранттары және докторанттары мен оқытушы-профессорлар қатысты.
Баяндамада магистралды құбырларды жобалауда оның цилиндрлік қабықшасының өзіндік тербелісін зерттеу, оның цилиндрлік қабықшасының өзіндік тербелісінің формаларын және жиілігін есептеу қарастырылған. Құбырдың динамикалық сипаттамаларын анықтау оның резонанстық жағдайларының туындау қаупін алдын алуға және динамикалық беріктілігін арттыруға, эксплуатация кезінде сенімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Мұнда сұйық ағысты құбырдың қисық сызықты бөлігінің өзіндік тербелісінің жиілігін анықтауға қойылған есеп, сызықты біртекті алгебралық теңдеулер жүйесінің коэффициенттерінің матрицасының өзіндік шамаларын анықтау есебіне келтіріледі. Алынған характеристикалық теңдеудің түбірлері болатын өзіндік шамалары өз кезегінде құбырдың қисық сызықты бөлігінің өзіндік тербелісінің жиілігінің квадраты
- дің рөлін атқарады.
Құбырдың қисық сызықты бөлігінің өзіндік тербелісінің жиілігін анықтау әдісі берілген және мысалдар келтірілген
Түрлі тербеліс формаларында сұйық ағысының жылдамдығының тербеліс жиілігіне әсерінің тәуелділіктері анықталған және соның нәтижесінде құбырлардың эксплуатациясы кезінде қолданылатын ұсыныстар келтірілген.
С.Ерназарова,
Институт директорының орынбасары.
Қаңтар 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 |
6
|
7 |
8
|
9 | 10 |
11 | 12 |
13
|
14
|
15
|
16 | 17 |
18
|
19 |
20
|
21
|
22
|
23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |